«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАҚСАТ — ҚОЛЖЕТІМДІЛІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

«АМАNАТ» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында арнайы құрылған мониторингтік жұмыс тобы мүгедектігі бар азаматтар үшін әлеуметтік инфрақұрылым обьектілері мен сауда орталықтарының қолжетімділігінің мемлекеттік стандарттарға сәйкес болуын қадағалау мақсатында Қандыағаш қаласында орналасқан шағын және микрокәсіпкерлік нысандарының пандустарына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс нәтижесінде топ мүшелері тарапынан бірқатар пандустардың ҚР «Мүгедектігі бар азаматтар үшін ғимараттар мен құрылыстарды жобалау» ережесіне сәйкес келмеуіне байланысты меншік иелеріне анықталған кемшіліктер үшін ескерту жасалып, көрсетілген кемшіліктерді белгіленген уақыт мерзімінде жойып, мүгедектерге кедергісіз жағдай жасауға және белгіленген талапқа сай қамтамасыз етіуге ұсыныстар берілді.

Ұқсас ақпараттар

Жастар неке құруға асықпайды: Қазақстандағы отбасы институты қалай өзгеріп жатыр

admin_mugalzhar

Әр өңірде нақты іс-қимыл жоспары болуға тиіс – Үкімет басшысы

admin_mugalzhar

ҚАРАКӨЛДЕ МЕКТЕП ПЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖӨНДЕЛУДЕ

admin_mugalzhar