«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰМСАЙҒА АУЫЗ СУ БЕРІЛЕДІ

Аудан әкімі Асқар Шериязданов пен Құмсай ауылдық округінің әкімі Асылбек Тұғыров Құмсай ауылының тұрғындарымен кездесті. Құмсай ауылдық мәдениет үйінде өткен кездесуде тұрғындарға жарты жылдықта аудан және ауылдық округ көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпарат берілді.

Құмсай ауылдық округі бойынша алғашқы жарты жылдықта 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 10 адам ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды. 8 адам «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жұмысқа, 8 адам су жүйесін жүргізу жұмысының маусымдық жұмыстарына тартылды.

Құмсай ауылдық округіне «Билайн» ұялы байланыс желісінің жылдамдығын күшейту мақсатында қосымша трансформатор алынып, орналастырылды.
Құмсай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық кеңес мүшелерімен және Құмсай ауылдық округінің азаматтарымен Ембі қаласынан арнайы техникалар алдырылып, Құмсай ауылының күл-қоқыстарын шығару, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Құмсай ауылының 10 көшесіне жарық шамдары орналастырылды.

Құмсай ауылын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары биыл аяқталып, іске қосылады.
Жыл аяғына дейін Құмсай ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жаңа УАЗ жедел жәрдем автокөлігі беріледі.
Жиын соңында ауыл тұрғындары аудан әкіміне толғандырған сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Ауылдық округтегі негізгі мәселелерді іске асыру үшін аудандық жұмыс жоспарына енгізілетін болады.

Ұқсас ақпараттар

Швейцария тауларында қазақи стильде Louis Vuitton бутигі ашылды

admin_mugalzhar

ОБЛЫСТЫҚ ЖАЙДАРМАНШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

admin_mugalzhar

Таншолпан Туракбай: «Шитье – это отличная возможность развивать свои таланты»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.