«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАМБЫЛ АУЫЛЫНА ҚАЙТА БАРҒЫМ КЕЛЕДІ

Нұрали ҚОНЫСБАЙ, 1-сыныпоқушысы, Сағашилі ауылы:
— Менің биылғы жазғы демалысым атамның ауылында өтті. Ол — Жамбыл ауылы деп аталады. Көк майса шөп, қалың орман, шағын болса да бізге ерекше болған көл де бар. Ауылдың табиғаты сондай әдемі. Атамның бақшасы да бар. Ауласы әдемі гүлге толы. Шағын көлдің аясында отырыс ұйымдастырып, қауынқарбыз жеп, қызықты, көңілді күндер өткіздік. Атамның үйіне барлық балалар жиналады. Олармен де неше түрлі ойындар ойнадық. Үлкен үйде бас қосу ең керемет кез сияқты көрінеді. Улапшулап, демалысқа шыққан кезді аңсап жүреміз. Біздің ыстық ұямызға айналған атамның шаңырағы тек жақсылыққа толы болсын дегім келеді.

Ұқсас ақпараттар

Головкин-Мурата айқасы 200-ден астам елде көрсетіледі

admin_mugalzhar

KGIR-2024: ақтөбелік делегация бірқатар инвестормен кездесу өткізді

admin_mugalzhar

Жазғы мектеп: Соңғы шешімді ата-ана мен оқушы қабылдайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.