«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПРОБАЦИЯ: МАҚСАТ – ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ

Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ауданда бас бостандығынан айыру мекемесінен босап шыққан жұмыссыздарды жұмыспен қамту жүйелі жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері мансап орталығына 19 жұмыссыз азаматтың тізімі келіп түскен. Орталық мамандары ай сайын осы санаттағы азаматтар үшін бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізіп тұратынын және орталыққа жүгінген жағдайда жұмыспен қамту шараларын ұсынатынын жеткізді. Соның нәтижесінде жұмыссыз тұлғалар мамандықтарына сәйкес тұрақты жұмыстарға, белсенді шараларға жолданған.

-Жыл басынан бері мансап орталығына пробация қызметінің есебінде тұрған 19 жұмыссыз азаматтардың тізімі келіп түсті. Оның ішінде мансап орталығына келіп екі адам жұмыссыз ретінді тіркеліп, тағы да екі адам квота арқылы тұрақты жұмысқа жолданды. Олардың бірі «Meeras» ЖШС-не қабылданса, екіншісі «Жастар» тәжірибесі арқылы жұмысқа тұрғызылды. Ал бір адам «Бастау бизнес» бағдарламасына тіркелсе, алты адам өз еркімен ұсынған белсенді шаралар мен тұрақты жұмыстардан бас тартты. Тағы бір адамға жұмысынан айырылуы бойынша төлемақы тағайындалды. Енді біреуі мекен жайын өзгертсе, төрт адам орталыққа жолыққан жоқ, — деді орталық маманы Жайнагүл Аманбаева.

Оның сөзінше, пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға 5 мекемеге 7 бос жұмыс орындарына квота белгіленген. Атап айтатын болсақ, «Коммуналшы» мекемесіне үш адам, «Кентавр» ЖШС-не бір адам, «Казтермогрупп» ЖШСне бір адам, «Ембі Жылу» мекемесіне бір адам, «Восток Нефть» ЖШС-не бір адам жолданған. «Кентавр», «Казтермогрупп» ЖШС-тері мен «Коммуналшы» мекемесіне жолданғандар тұрақты жұмысқа орналасса, қалған жұмыссыздар ұсынылған жұмыстан бас тартқан. Ал бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін 4 мекемеге 6 бос жұмыс орындарына квота белгіленді. Қазіргі уақытта «Коммуналшы» мекемесіне үш адам, «Кентавр» ЖШС-не бір адам, «Казтермогрупп» ЖШСне бір адам, «Восток Нефьт» ЖШС-не бір адам бос жұмыс орындарына бекітілді. Наурыз айына бас бостандығынан айыру мекемесінен босап шыққан жұмыссыз 3 адам тіркелді.

— Осы бағытты іске асыру мақсатында электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге қызмет көрсетілуде. Яғни, мансап орталығына келмей-ақ электрондық Еңбек биржасы және EGOV үкімет портал арқылы жұмыссыз ретінде тіркеліп, Еңбек KZ-ке кіріп бос жұмыс орындарын қарай алады. Яғни, жұмыссыз ретінде тіркелген адам жұмыспен қамтылып, жұмыссыздық үшін берілетін мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алады, — деді ол.

Ұқсас ақпараттар

Ғалым тура 8 сағат ұйықтау шарт емес екенін мәлімдеді

admin_mugalzhar

Музей. И.Савицкий – Құмдағы Лувр

admin_mugalzhar

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: есірткі қылмысы мен экстремизмге қарсы іс-қимыл

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.