«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАРКЕМЕР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

Жаркемер ауылында 17 үй бар. Мал шаруашылығымен айналысатын шағын ауыл. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Қазақойл Ақтөбе» АҚ кәсіпорынының көмегімен 3 шақырым жерден су тартылды. Қазіргі таңда барлық үй сапалы ауыз сумен қамтылды.

Тұрғындардың сұранысы бойынша ауылға газ тарту үшін «Кентавр» ЖШС кәсіпорынының көмегімен жоба дайындалуда. Ауылдан 8 шақырым жерде орналасқан АГРС-тен тарту үшін геодезиялық жұмыстар атқарылды. Жоба аяқталуда, қыркүйек айының ортасына дейін мемлекеттік сраптамадан өтеді. Бұл жөнінде жобаны жасаушы А.Нұрымов есеп берді. Газ тарту құрылыс жұмыстарын «Қазақойл Ақтөбе» АҚ есебінен жүргізуге аудан әкім тарапынан келіссөздер жалғасуда. Осы кездесуге «Қазақойл Ақтөбе» АҚ аппарат басшысы А.Утегенов қатысты.

Ауылдағы малды жұқпалы аурулардан қорғау мәселелері бойынша аудандық ветеринария стансасы директорының орынбасары Ю.Веселовский тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Жайылым жерлерді кеңейту, шаруа қожалықтарынан пайдаланылмай жатырған жерлерді қайтарып, елді мекенге беру бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Л.Ілиясова мағұлмат берді.

Ауылдан оқушыларды мектепке тасымалдау үшін 1 қыркүйеккке дейін жаңа автобус берілетіндігін аудандық білім бөлімі басшысының м.а. Ж.Байтақов атап өтті.

Ауыл іргесіндегі Жем жағалауындағы қоқыс тастап кететін демалушы адамдарды жауапкершілікке тарту жөніндегі ұсынысқа Ембі қалалық полиция бөлімінің бастығы Б.Ізімов жаңадан тағайындалған инспектор С.Дусуповке тапсырма беретіндігін айтты.

Ұқсас ақпараттар

ПРОШЛИ УЧЕНИЯ СПАСАТЕЛЕЙ НА ЖЕЛЕЗНОЙ ДОРОГЕ

admin_mugalzhar

ЖАРАПАЗАН АЙТЫЛЫП, ЖЫРДАН ШАШУ ШАШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ОСТАНОВИМ ТОРГОВЛЮ ЛЮДЬМИ ВМЕСТЕ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.