Қожасай ауылында аудан әкімі және Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ауыл тұрғындарымен кездесіп, бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыс жөнінде есеп берді.
Қазіргі таңда Қожасай ауылында су тарту жұмыстары аяқталуда. Су мұнарасын (водонапорная башня) қондыру үшін «Gas Processing Company» газ өндеу зауытының арнайы 50 тонналық кранмен орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Балалар жылына байланысты Қожасайда маусым айында спорт алаңы салынып, іске қосылды. Спорт алаңын салу жұмыстарын “Жайық сити” ЖШС-і жүргізді. Спорт алаңының ашылуына орай бірнеше командалардың қатысуымен шағын футболдан турнир өткізілді.
Қожасай ауылына газ тарту бойынша қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттар дайындау жұмыстары аяқталуда. ЭХЗ (электро-химическая защита) және “ИнтерГазОрталықАзия” АҚ-нан келетін жолға ТУ (техникалық шарттар) алынуда.
Жақын арада мемлекеттік сараптамаға беріледі. Қазан айында мемлекеттік сараптамадан шыққан соң, 2023 жылы бюджетттен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін қаражат сұралады.
Қожасайда медициналық пункт салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда “Қазақойл Ақтөбе” кәсіпорынының көмегімен медициналық пунктке жобалық-сметалық құжаттар дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жоба дайындаушы “Байлық проект” ЖШС-і (Б.Алгазин, Қандыағаш қаласы). Кездесу соңында аудан әкімі ауыл тұрғындарының толғандырған сауалдарына жауап берді.