«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде қалдықтарды газ, электр энергиясы мен тыңайтқыш өндіретін шикізат ретінде пайдалану жоспарланып отыр

30 шілде күні Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Оңдасын Оразалин WABIO Technologie GmbH атқарушы директоры Рафаэль Флитцпен және Braun Industrial Trading GmbH бас атқарушы директоры Ёсиф Браунмен кездесті.
Кездесу барысында шетелдік кәсіпорындардың басшылары Ақтөбеде салынатын қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттың жобасын ұсынды. Жоғары экологиялық стандарттарға сай келетін зауыт өнеркәсіптік, коммуналдық және тұрмыстық қалдықтардан электр энергиясын, газ бен ауыл шаруашылығына қажет тыңайтқыш шығаруға мүмкіндік береді.

Тараптар қызығушылық танытып, жобаны жүзеге асыратын әрі қарайғы жоспарлар жайында келісті. Облыс әкімі жоғары технологиялық өндірістің Ақтөбенің экологиялық жағдайын жақсартуда маңызы зор болатынын атап өтті. Зауыт мемлекеттік-жеке серіктестік аясында салынады.

Анықтама: Braun Industrial Trading GmbH (Германия) компаниясының дәстүрлі және баламалы энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруда 30 жылдық тәжірибесі бар. WABIO® (Германия) компаниясымен серіктестікте Қытай және Еуропалық кеңес, Азия елдерінде тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар жобаланып, салынған болатын. Олардың құрамына органикалық қалдықтарды қайта өңдейтін биогазды электр стансалары кіреді.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МИРЖАН «QAZAQSTAN ДАУЫСЫ» ЖОБАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТУДЕ

admin_mugalzhar

Ұлттық Банк «Аю» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

admin_mugalzhar

Ұшақ билеттері 9 000 теңгеден: Қазақстандықтар үшін алты қалаға ұшу құнының жартысын мемлекет төлейді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.