«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі. Тамыз айында жаңа оқу жылына қызу дайындық жүргізілетіндігі белгілі. Жыл сайын облыстың білім беру ұйымдарында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қолдау көрсететін «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
Акцияның ұраны: «Мектепке жол — шекарасыз жақсылық». Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтiк осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акция жыл бойы жалғасады. Аталған акция аясында бірнеше жылдан бері мыңдаған мұғалжарлық оқушылар мектеп формасымен, оқу құралымен қамтылды. Құрметті мұғалжарлықтар! Сіздерді «Мектепке жол» акциясына атсалуыға шағырамыз! Білімді ұрпақ біздің болашағымыз!
«Ақтөбе облысының білім басқарамасы Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ

Ұқсас ақпараттар

Премьер-министр оқушылардың «ауыр сөмке» мәселесін шешуді тапсырды

admin_mugalzhar

ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ҚҰМЖАРҒАН МЕН БАТПАҚКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ӨТТІ

admin_mugalzhar

«Отбасы банк» тұрғын үй алу үшін кезекте тұрғандардың бастапқы жарнасын төмендетеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.