«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлады Vesti.kz. Қазақстандықтың қарсыласы орта дивизионда WBA Super титулына ие жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) болуы ықтимал. Екі тарап белбеулер біріктірілетін жекпе-жек туралы келіссөз бастағаны хабарланған.  Бұл жайында Fino Boxing басылымына мексикалық Хайме Мунгияның (36-0, 29 КО) промоутері Фернандо Бельтран мәлімдеді.  «Головкин жапониялықпен жұдырықтасқысы келеді. Иә, ол да чемпион, бұл үлкен іс. Мен оның таңдауын құрметтеймін», — дейді Бельтран. Сонымен қоса, Головкин мен Мунгия 7 мамыр Техаста жекпе-жек өткізу туралы келіскені де хабарланған болатын. Дегенмен кейін мексикалық бұл ойынан бас тартып, сәуірде басқа қарсыласпен жұдырықтасатыны белгілі болды.

Ақпарат көзі 24.kz

Ұқсас ақпараттар

Оппозиция Абхазия президенті әкімшілігін басып кірді

admin_mugalzhar

eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды

admin_mugalzhar

Су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден төленеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.