«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына келді. Сапар аясында Жем қалалсы мен Жұрын ауылында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.

Облыс әкімінің орынбасары бүгінгі таңда 1800-ге жуық тұрғыны бар Жем қаласында орналасқан бос қалған 8 үй иесіз деп таңылып, коммуналдық меншікке алынған көпқабатты тұрғын үйлерді қарады. Алдағы уақытта бос тұрған үйлерді жөндеу мақсатында жобылық-сметалық құжаттар дайындалып, жөнделген соң үй кезегінде тұрған адамдарға ретімен берілетдігін айтты. Сонымен қатар, бұрынғы жеке кәсіпкер “Жуковский” меншігінде болған қаланың шетінде орналасқан 6 бесқабатты және қаланың ішінде орналасқан 4 үйді қарады. Бұл үйлерді құрылыс саласында үлкен тәжірибесі бар жеке кәсіпкер Сәуле Төреханова сатып алған болатын.

Аудан әкімдігі осы жеке кәсіпкермен 10 көпқабатты үйді жөндеп, қалпына келтіру бойынша келіссіздер жүргізді.
Жеке кәсіпкер тарапынан үйлер қалпына келтірілген соң, коммуналдық меншікке де өткізу мәселесі жан-жақты талқыланып, заңдылыққа сәйкес кезектегі тұрғындарға беру жағы қарастырылатын болады.

Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Жұрын ауылында болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде тұрғындар ауыз су мәселесін көтерді. Жұрын ауылына орталықтандырылған ауыз су тарту жұмыстары 2011 жылы жүргізілді. Бүгінгі күні ауылдағы су мұнарасының тозығы жетті. Ауылда су бар, бірақ сапасы төмен. Қазіргі таңда Мұғалжар ауданы әкімдігі тарапынан Жұрын ауылына демеушілік көмек арқылы су мұнарасын орнату бойынша аудандағы кәсіпорындармен келіссөздер жүргізілуде.

Демеушілік көмекпен 25 кубтық немесе 50 кубтық су мұнарасы орнтылатын болады. Ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдаған облыс әкімінің орынбасары алдағы уақытта ауыз су сапасын жақсарту үшін тиісті жұмыстардың жүргізілетіндігін жеткізді.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Жұрын ауылындағы «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында жөндеуден өтіп жатқан ауылдық мәдениет үйінің және Жұрын ауылының 4 көшесі асфальттанып жатқан жұмыстарының сапалылығын қарап шықты.

Сапар соңында облыс әкімінің орынбасары Қандыағаш қаласында болып, «Коммуналшы» мекемесіне қарайтын №1 жылу қазандығының жұмысымен танысты. Қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдап, дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

Зейнетақы жинағынан ақша алу: Тоқаев жеткілікті шек мерзімін ұзартуды тапсырды

admin_mugalzhar

«MUGALZHAR LIGA» АШЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

admin_mugalzhar

Синоптиктер: Алдағы күндері Қазақстанда 37 градусқа дейін күн ысиды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.