«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫСТЫҚ ЖАЙДАРМАНШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

«12 тамыз — Халықаралық жастар күніне» орай Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының қолдауымен және «Қандыағаш КВН лигасының» ұйымдастыруымен «Жазғы кубок — 2022» Жайдарман фестивалі өтті.

Облысымыздың әр өңірінен келген әзіл майталмандары мен жас командалар республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген жайдарманшылар аудан жастарына керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Тартысты өткен сайыста ең жас әрі тәтті команда, өздері кішкентай болғанымен әзілдері салмақты Шығармалық академиясынан келген «Академия балмұздақтары» 3 орынды иеленді. Ерекше өзіндік стилімен баураған Мәртөк ауданынан келген «Бізде осы» жайдарман командасы 2 орынға ие болды. Бас жүлдені көрермендер мен әділқазы алқасының көзайымына айналған ардагер жайдарманшылар «Алтықарасу жастар құрамасы» иеленіп Мұғалжар ауданының «Жазғы кубок — 2022» иегері атанды.

Ұқсас ақпараттар

21 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛҒАН

admin_mugalzhar

Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

admin_mugalzhar

АУДАН ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin_mugalzhar