«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНА ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ТАРТЫЛАДЫ

Мұғалжар ауданының шаруа қожалықтарына электр энергиясы тартылады. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында Ащысай ауылдық округінің «Сырым» және Талдысай ауылдық округінің «Құлагер» шаруа қожалықтарына электр желісі бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілетін болады.

«Сырым» шаруа қожалығына жарық тарту жұмыстарын «Теплоэнергострой» ЖШС-і жүргізсе, «Құлагер» шаруа қожалығына «Сырдария» ЖШС-і жүргізеді. Бұл мемлекеттік бағдарлама қожалықтардың жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Ата кәсіпті дамытуға ден қойған екі шаруа қожалықтарының алға қойған мақсаттары көп. Олар мал басын көбейтіп, аудандағы ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге үлес қоспақ.
Алдағы уақытта ауданның бірнеше шаруа қожалық иелері де жобаларын қорғап шаруа қожалықтарына электр энергиясын тартуды жоспарлап отыр.

Ұқсас ақпараттар

Президент бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

admin_mugalzhar

Қазақстанда шаруаларға жеңілдікпен несие беріледі

admin_mugalzhar

АСҚАБАҚТАН ТАБИҒИ ӨНІМДЕР ЖАСАЙТЫН АСЫЛАЙ

admin_mugalzhar