«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жүргізушілерге арналған интернетсіз жұмыс істейтін қосымша әзірленіп жатыр

Елімізде жол бойындағы нысандар туралы мәлімет беретін қосымша әзірленіп жатыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК басқармасы төрағасының орынбасары Ержан Өтебаев елордада өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта мобильді қосымша әзірленіп жатыр. Ол жүргізушілерге өз бағдарын түзуге, жол бойындағы барлық нысандармен алдын ала танысуға мүмкіндік береді. Нысандардың рейтингісімен және пікірлермен танысып, демалу үшін қай жерге тоқтайтыныңызды алдын ала жоспарлай аласыз. Ең маңызды қосымша Интернетсіз де жұмыс істейтін болады», — деді Серік Ержан Өтебаев.

Оның атап өтуінше, қосымша осы жылдың желтоқсан айында барлық қолданушылар үшін қолжетімді болады.

Ұқсас ақпараттар

ДИҚАНДАР АСТЫҚЖИНАУДЫ АЯҚТАДЫ

admin_mugalzhar

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ 30 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

admin_mugalzhar

КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ: АЩЫСАЙҒА ГАЗ КЕЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.