«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАЛ ДӘРІГЕРІ АДАМЗАТТЫ ЕМДЕЙДІ

«МАЛ-ЖАНЫҢ АМАН БА?» ДЕП БІР-БІРІНІҢ ЖАҒДАЙЫН МАЛЫНЫҢ АМАНДЫҒЫНАН БАСТАП СҰРАЙТЫН ӘР ҚАЗАҚТЫҢ ТҰРМЫС-ТІРШІЛІГІ ТӨРТ-ТҮЛІКПЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ. АЛ СОЛ ТӨРТ-ТҮЛІКТІҢ ДЕНІНІҢ САУ БОЛУЫ БҮКІЛ АДАМЗАТТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮШІН ДЕ МАҢЫЗДЫ. ЕНДЕШЕ, СОЛ МАҢЫЗДЫ ЖҰМЫСТЫ ҚОЛҒА АЛҒАН АУДАННЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ БҮГІНДЕ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ? ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНАН АЛЫНАТЫН ӨНІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, МАЛ БАСЫН БІРДЕЙЛЕНДІРУ БОЙЫНША ДЕРЕКҚОРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАРҒА ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ПАСПОРТ БЕРУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ? ОСЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ТАҚЫРЫПТАР БҮГІНГІ МАҚАЛАМЫЗҒА АРҚАУ БОЛМАҚ.

АУДАНДА МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІ ЖЕТІСПЕЙДІ

Бүгінгі таңда жалпы елімізде ветеринариялық саласында түрлі мәселелер жетерлік. Соның бірі — кадр мәселесі. Жалпы ауданда да кадр мәселесінің бары жасырын емес. Аудандық ветеринариялық стансасының басшысы Бауыржан Тілеулиннің айтуынша, қазіргі таңда аудан бойынша аталмыш салаға, соның ішінде ауылдарға 7 мал дәрігері жетіспейді.

— Бұл салаға келіп, еңбек етуге ықылас білдіретін жастардың қатары өте аз, тіпті жоқ деп те айтуға болады. Себебі айлығы төмен, атқаратын жұмыстары көп. Жастарды ауданға тарту үшін жылда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-Техникалық университетіне және Ақтөбе қаласындағы ветеринариялық колледжіне барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен қатар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен көтерме жәрдемақы беріліп, үймен де қамтып жатырмыз. Дегенмен ниеттілер болмай отыр. Бүгінде атап айтсам, Егіндібұлақ ауылдық округіне 2, Құмжарған ауылдық округіне 1, Құмсай ауылдық округіне 1, Жұрын ауылдық округіне 1, ал Ембі қалалық округіне 2 мал дәрігерлері қажет, — дейді ол.

Бүгінгі таңда аудандық ветеринариялық стансасында жалпы саны 62 мал дәрігерлері жұмыс жасайды. Оның 17-сі ветеринариялық дәрігер, 28-і ветеринариялық фельдшер және 17-і ветеринариялық санитар. Олар жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бақылап, ветеринариялық препараттардың айналымын қадағалап, жануарлардың ауруларын тексеріп, ветеринария саласындағы цифрландыру шараларын іске асыруда.

МАЛ БАСЫН БІРДЕЙЛЕНДІРУ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Мал басын бірдейлендіру — ветеринария саласындағы атқарылатын міндетті және жауапты жұмыстардың бірі, мал төлдегеннен бастап атқарылатын науқанды шара. Бірдейлендіру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтқан аудандық ветеринариялық стансасының басшысы осы жылы 70000 бас ірі қара, 152000 бас қой-ешкі, 32000 бас жылқы, 397 бас түйе бірдейлендіріліп, компьютерлік базаға енгізілгенін жеткізді.

-Әрбір жеке және заңды тұлға «Ветеринария туралы» Заңның 25-бабына сай Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етіп, сондай-ақ жаңадан мал сатып алса, не біреуге сатса, мал дәрігеріне хабарлап отыруға міндетті. Сондай-ақ шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, сырғалау мен таңбалау, жануарларын бірдейлендіру маңызды. Егер ауыл шаруашылық жануарларының құлақ жапсырмасы жоғалып, не болмаса түсіп қалған жағдайда мал иесі өз тұрғылықты жердегі ветеринариялық пунктіндегі маманға келіп құлақ жапсырмасын ауыстыруға өтініш білдіреді. Бұл шара мемлекеттік қызметке жатады. Сол себепті мал иесі ешқандай ақы төлемейді, қызмет тегін көрсетіледі, — дейді станса басшысы.

«ЖАСЫЛ ДӘЛІЗ» — МАЛ ИЕСІНЕ МҮМКІНДІК

Аудандық ветеринариялық стансасының басшысы Бауыржан Тілеулин мал шаруашылығы кәсібімен айналысып отырғанжекежәне заңды тұлғалар үшін осы жылдың наурыз, сәуір, мамыр айларында «Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқор жүйесінде бұрын тіркелмеген ауылшаруашылық жануарларын тіркеу үшін «Жасыл дәліз» бағдарламасы ашылғанын айтты. Осы арқылы әр тұрғынға бұрын тіркелмеген ересек жануарларынөзатынатіркепалуға мүмкіндік берілген.

— Өздеріне берілген мүмкіндікті пайдаланып, жергілікті ветеринар мамандарына өтініш берген тұрғындардың қатары көп болды. Аталған бағдарлама аясында аудан бойынша 7712 ірі қара, 1973 бас ұсақмал, 5691 басжылқы малы тіркеуден өтті. Бұл жерде алты айлық төлдер ғана емес, мал барлық жастар бойынша тіркелді. Жануарларға ветеринариялық паспорттар берілді, — деді Бауыржан Тілеулин.

АУЫРҒАН МАЛДЫ ЕМДЕУ АҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Ветеринария саласының негізгі қызметі — аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Оны диагностикалау, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттардың адам өмірінеқауіпсіздігінқамтамасызету болып табылады. Бүгінде ветеринариямамандары аудан тұрғындарыныңмалдарынаасақауіптіауруларға қарсы вакцинацияны, қан алуды және диагностиканы тегін көрсетеді. Ал мал ауырып қалған жағдайда мал дәрігерлері ветеринария басшылығымен бекітілген бағаға сәйкес, емдеу жұмыстарын ақылы түрде көрсетеді.

— Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы малдарының аса қауіпті аурулар тізбесіне кіретін, соның ішінде сібір жарасына, пастерелезге, МІҚ нодулярлы дерматитіне, қарасанға, жылқының маңқасына, құтыруауруынабарлықмал түрі бойынша қарсыегіліп, туберкулезге мал басы тексеріліп, жоспар толық орындалды. Ал диагностика бойынша 31288 бас мүйізді ірі қара малдары бруцеллезге зерттеліп, 135 бас оң нәтиже көрсетіп, аурудың жұғу пайызы аудан деңгейінде 0,01 пайыз құрады. Оң нәтиже көрсеткен 135 бастың ішінде 27 басы Қандыағаш қаласында орналасқан «Бірлік» ЖК мал сою алаңында сойылды. Ақтөбе қаласындағы «Қасымов» ЖШС-не 107 бас тапсырылды. Ұсақ малдар бойынша 74428 бас зерттеліп, аурудың жұғупайызы 0,00 пайыздықұрады. Қазіргі таңда оң нәтиже көрсеткен мал басы заңды талаптарға сәйкес, мал сою алаңдарында сойылып, өңдеу орындарына тапсырылды. Сонымен қатар (түйе, жылқы, ит) жоспарға сай тексеріліп оң нәтиже көрсеткен жоқ, — деді станса басшысы.

ЖЫЛҚЫ GPS-ТРИКЕР САЛДЫРУ 200 МЫҢ ТЕҢГЕ ТҰРАДЫ

Ветеринария саласындағы тағы бір мәселелердің бірі — жайылымда жүрген жылқылардың қатысуымен орыналатын түрлі дәрежедегі орны толмас қайғылы оқиғалар. Осы орайда станса басшысынан жылқы басын бірдейлендіру бойынша қандай жұмыстардың атқарылып жатқанын сұрадық. Бөлім басшысы жылқы малының таңбалау жұмыстарыжоспарға сайжүргізіліпжатқанын, бұл шара да мемлекеттік қызмет болып табылатынын жеткізді. Жылқы басын бірдейлендіру мал иесінің өтініші негізінде таңбаланып, ауыл шаруашылығы жануарларды бірдейлендіру базасына енгізіледі екен.

— Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7- 1/68 бұйрығына сай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Жылқы малын бірдейлендіру таңбалау және чип салу әдісі арқылы жүргізіледі. Құлындарға төрт айлықжасынан басталады. Жылқымалынчиптеу төрт түліктің ұрлануына, жоғалуына және дәстүрлі әдіспен таңбалауда жарақаттануына жол берілмейді. Бірдейлендіре отырып паспорт беру мемлекеттік қызмет болып саналатындықтан, тек мал иесінің өтініші арқылы жүзеге асырылады. Бұл — шаруашылықтар үшін сәйкестендірудің ең тиімді жолы. Есепте болмаған жануарларға ешқандай ветеринариялық іс-шаралар жүргізілмейді. Яғни ол ауру таратушы немесе ұрлық мал ретінде күдік туғызады, — деді ол.

Оның айтуынша, жылқы малын таңбалау үшін алдымен мал иесі өтініш береді, содан кейін ветеринар маман барып таңбалау жұмыстарын жүргізеді. Таңбалаудың екі түрібар. Ыстықтаңбалаужәнесуық таңбалау әдістері. Ыстық таңбалау әдісі дегеніміз, ол жылқы малының жауырынына немесе жанбасына күйдіріп, реттік нөмір салады. Ал суық таңбалау ол азот арқылы жасалады. Бір бас жылқыға чип салу шамамен 1000 теңгені құрайды. Бұл чипті барлық малдарға салуға болады.

— Бүгінгідей дамыған заманда жылқы секілді түздің малын үйде отырып-ақ бақылауға болады. Ол үшін GPS-трикерсалдыру қажет. Оның бағасы шамамен 200 мың теңгені құрайды, себебі оның бақылайтын аппараты болады. Соған сәйкес бағасы да қымбат болады, — деді Бауыржан Тілеулин.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

АНАНЫҢ АЯЛЫ АРМАНЫ — «АҢСАҒАН СӘБИ»

admin_mugalzhar

САЯБАҚТАРҒА ЖАҢА АТАУ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

15 қараша – төл теңгеміздің күні

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.