«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Республика күніне орай демалыс күні ауыстырылды — қаулыға қол қойылды

Республика күнін мерекелеу аясында демалыс күнін ауыстыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №713 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Үкіметтің 07.10.2022 жылғы №796 қаулысына қол қойды.

Қаулыға сәйкес, демалыс күні 2022 жылғы 22 қазан, сенбіден 2022 жылғы 24 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.

Биыл 25 қазанда еліміздің ұлттық мерекесі ретінде алғаш рет Республика күні аталып өтеді. Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтарға мереке кезінде демалысын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі», — делінген primeminister.kz сайтында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сенат 25 қазан – Республика күнін ұлттық мереке ретінде белгілейтін заңды қабылдады.

Кейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойды.

Бұдан әрі Республика күніне байланысты демалыс күндерін ауыстыру туралы құжат жобасы «Ашық» НҚА сайтында жарияланды.

Ұқсас ақпараттар

В Мугалжарском районе состоялось торжественное открытие Года волонтеров

admin_mugalzhar

15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

САҒАДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.