«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ГАЗ ҚҰБЫРЫН ТАРТУҒА ЖОБА ӘЗІРЛЕНДІ

Бұлақты ауылындағы кездесуде Қаракөл ауылынан Бұлақты ауылына газ құбырын тарту үшін жоба әзірленіп, қараша айында мемлекеттік сараптамадан шығатыны белгілі болды.
Сонымен қатар ауыл тұрғындарына ескі ауылдық клубты қалпына келтіру үшін жоба жасалып, мемлекеттік сараптамадан шыққаны, келесі жылы жөнделетіні туралы айтылды. Медициналық пункт жобасы дайындалып, қоғамдық кеңесте ғимарат салынатын жері талқыланып, құрылысы келесі жылы басталатыны да тұрғындар үшін қуанышты хабар болды.
Ал Миялыкөл ауылына байланыс мұнарасы орнатылмақ. Айдың аяғына дейін «Beeline» ұялы байланыс қондырғысы орнатылып, Бұлақты, Миялыкөл, Құмсай ауылдарын қамтитын болады.

Ұқсас ақпараттар

АБАЙ САҒЫНОВ ЖҮЗУДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

Тәуелсіздік алғаннан бері 1,2 млн қандас елге оралған

admin_mugalzhar

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

admin_mugalzhar