«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СҮЙІКТІ МАМАНДЫҒЫН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРҒАН КЕЛІНШЕК

Бүгінде кәсіп бастаймын деген жанға сонау 10 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл. Сол кейінгіге көз жүгіртетін болсақ, бизнес туралы түсінік те, қазіргідей қолдау да жеткіліксіз еді. Кәсіпті «қалай бастаймын, кімге барамын?» деп бас қатырып, несие тағайындайтын банктердің мөлшерлемесі жоғары болса да, нар тәуекелге бел буып, кейін ашқан кәсібін дамыта алмай, дағдарысқа ұшырағандардың қатары көп болғаны жасырын емес. Ал қазіргі таңда сан саланың сырын ашып, бағыт-бағдар беретін маман да, қаржымен демейтін мемлекеттік бағдарламалардың да қарасы көп. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдана білген бүгінгі «Іске сәт» айдарының кезекті кейіпкері Гүлбақыт Қалиқызы өз ісін «әуесқойлық емес, мамандығым» дейді. Шебермен әңгімеміз де осы кәсібі туралы өрбіді…

Гүлбақыт Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетініңтүлегі. Дизайнер мамандығы бойынша білім алған ол өз мамандығының жемісін көріп отырған кәсіпкер. Сұхбат барысында Гүлбақыт кәсіп ашу жолындағы және әйел адамның бұл саладағы кездесетін қиындықтарымен бөлісті.

— Суретке түсу де, түсіру де бір өнер. Бұл менің ата-анамнан дарыған қасиет тәрізді. Себебі қос бәйтерегім де осындай керемет дүниелер жасауға шебер, өнерге жаны құштар жандар. Өзім дизайнер мамандығы бойынша 5 жыл білім ала жүріп, қосымша жұмысқа орналасқым келді. Мамандығыма сәйкес болғандықтан тезірек тәжірибе жинағым келдіме, әйтеуір, бұл жұмыс маған өте жақын болды. Қаланың орталығында орналасқан фотостудияларға барып, бағымды сынап көргенмін. Бағыма орай, олжаққа жұмыстарым ұнап, мені өз ұжымдарына қабылдады. Жалпы дизайнерлік киім дизайнері, жарнамалық дизайнер және құрылыс дизайнерлігі болып үшке бөлінеді. Мен жарнамалық дизайнерлікті таңдап, соңғы қорғалатын дипломдық жұмысыма да осы бағыт негіз болған еді, — деген фотограф Гүлбақыт үшінші курсында жұмыс жасап, оқу ақысын өзі төлей жүріп, алғашқы фотоаппаратын да сол уақытта сатып алған екен.

— «Жан-Тәңір» деген фотосалонда 6-7 жыл көлеміндемамандығым бойыншажұмыстандым. Алғашқы фотоаппаратымды жұмыс жасап жүріп сатып алған едім. Ал фото шығаратын принтерге кететін шығынды, ноутбук тәрізді керекті заттарымды қарызға алуға тура келді. Алғаш жұмысқа кіріскен күннен бастап түскен табысты тек дамуға, жұмысқа қажетті жаңа техникаларды алуға жұмсап отырдым. Сондағы мақсатым кішкентай фото студия ашу еді. Негізінен фотограф қоршаған ортаға басқаша көзқараспен қарайды. Жаңаша зат, ерекше көріністерді іздеп жүреді. Байқағыш болсаңыз ғана сізден жақсы дүние шығары сөзсіз, — дейді камераның қыр-сырын меңгерген Гүлбақыт.

«Фотограф — бұлүнеміөсуді қажет ететін мамандық» екенімен толық келіседіөзі. Өйткені, технологиялық прогресс бір орында тұрған жоқ. Фотоөнердің соңғы жаңалықтарын үнемі бақылап отыратын суретші жан әдеби шығармаларды да көбірек оқуға кеңес береді. Себебі шығармашылыққа тікелей қатысты бірден-бір байланыс көркем шығармалар. Оны оқи отырып, көз алдыңа керемет дүниелер келетінін, сонда ғана өз салаңның жақсы маманы бола алатыныңды айтады ол.

— «Бас екеу болмай, мал төртеу болмас» дегендей, осы аралықта тұрмысқа шығып, көп ұзамай «Сұлтан» атты өзіміздің арманымыздағы фотосалонды ашқан едік. Сондай ерекше сезімде болдым. Себебі адам өзінің жақсы көретін, шабыт алатын дүниесін шын қаласа, онда ол міндетті түрде орындалады. Осыған көзімжетті. Кейін отбасылық мәселелер бойынша Ақтөбе қаласынан көшуге туракелді. Оныңүстінеәлемдідүр сілкіндірген дерттің уақыты болатын. Бизнестер құлдырап, тойтомалаққа шектеу қойғандықтан, тапсырыс та мардымды болмады. Сөйтіп Сағашилі ауылына көшіп келдік. Ауылда тұрып-ақ қолыңнан келетін, сүйікті ісіңмен айналысып, дамуға болатынын дәлелдедік десем артық болмас, — дейді фотографдизайнер. Гүлбақыт тойғада шығып суретке түсірген кездерін, кездескен қиындықтарын да бөлісе отырды.

— Ауылдық жерде көбі таныс той-томалаққа тапсырыс түсіп, суретке түсіруге шақырыпжататын. Бастапқыда жолдасым екеуміз барып қайтатынбыз. Кейін бұндай тапсырыстар әйел адамға қиындау екенін білдім әрі жолдасымдақарсылықтанытқансоң басқа бағытын іздей бастадым. Сөйтіп бонбоньерки жасап, түрлі мерекелік сәттердің сәнін кіргізетін бұйымдармен айналысуды, тапсырыс алуды жоспарладым. Балаларым кішкентай болғандықтан бәрін бірге алып жүру де бастапқыда ауырлау болды. Кішкентай сәби болғандықтан жиі ауырып, тапсырысқа үлгермей қалып жататын кездерім де кездесті. Жалпы әйел адам әлсіз, нәзік жаратылыс қой. Кей-кейде кеудеме бір өксік тығылып, ақтарылып жылап алатынмын. Әсіресе, мереке күндері бірінен соң бірі тапсырыс түсіп, таңға дейін жұмысымды бітіретін едім. Балаларымды ұйқыға бөлеп, жұмысыма алаңсыз кіріскенді жаным сүйеді. Мүмкін бұл жұмысқа деген махаббатымнан шығар, көп шаршауды сезбеймін, керісінше, ләззат аламын. Неше түрлі идеялар келеді. Қазіргі таңда дайын шаблондармен жұмыс жасап отырғандар өте көп. Ал мен дизайнын да өзім ойдан жасаймын, — деген іскер келіншек қазіргі таңда үш бала тәрбиелеп отырған жас ана.

Одан бөлек жас түлектерге арналған фотосессия жасап, виньетка шығаратынын да айта кетті. Алыс-жақын ауыл-аймақтың мектеп бітірушілері үшін Гүлбақыт таптырмас маман көрінеді.

— Арасында мектеп бітірушілер, балабақшамен қоштасушыларға арнайы фотосессия жасап, түлектерге арналған виньетка да шығарамын. Сонымен қатар отбасылық фотосессияға тапсырыс өте көп түседі. Алдағы уақытта осы кәсіпті кеңейту ойымызда бар, — дейді жас кәсіпкер. Өз ісінің шебері болған Гүлбақыт алдағы уақытта фотосалонын дамытып, өзі тәрізді жандарды жұмыспен де қамтамасыз еткісі келеді. — Білімді жетілдіріп отыру мен үшін қашан да алғашқы орында. Оның үстіне бизнес саласында қандай да бір нарыққа байланысты жаңалықтан құр қалуға болмайды. Даму мен ізденіс жолында жүрген адам ғана өзін де, өзгені де жақсы түсініп, тани алады. Қазіргі уақытта табысты болғысы келетін жастар көп. Мен білгенімді қашан да үйретуден жалыққан емеспін. Қазір әр адамға қажет маңызды қасиет: өсе білу, білім алу, мақсат қою. Бойдағы қабілетті ашып, өзін толық тани алған кез келген адам ғана биік шыңды бағындырады деген ойдамын. Жастар қарапайым өмір қағидаларын сақтап, мақсаты айқын болып, еңбектенсе, келешекте кемел тұлға атанары айдан анық емес пе?! — дейді Гүлбақыт Қалиқызы.

Нұргүл ҚАЛИЕВА

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА ЖАС ҰСТАЗДАР КЛУБЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Мұғалжар жылқысы — Ақтөбенің мақтанышы

admin_mugalzhar

ГҮЛІМ АЗИЯДАДА МЕДАЛЬ ТАҚТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.