«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚКЕМЕРЛІК АҒЫМДАҒЫ ІСТЕР

Ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен тұрмысын жақсартуға бағытталған «Ауыл — аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Ақкемер ауылдық округі әкімінің айтуынша, аталмыш бағдарлама аясында 196 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның 72-сі өсімдік шаруашылығы, 105-і мал шаруашылығы, 19-ы шағын бизнес. Бүгінде округ орталығында ангар типті спорт кешенінің құрылысы басталған. Құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады екен.

— Ауылдық мәдениет үйіне де күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ауылдық дәрігерлік амбулаторияны салу жұмыстары да басталуда. Қандыағаш-Жарық бағытындағы 11,5 шақырым болатын көтерме тас жолының 7 шақырымы асфальттанды, қалған 4,5 шақырымы ауыспалы кезеңмен келесі жылы асфальттанады. Сонымен қатар Ақкемер-КөтібарКөктөбе көтерме тас жолын жөндеу жұмыстары басталып кетті. Қазіргі таңда қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба ауыспалы, жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады, — деді ауыл әкімі Дамир Қожаниязов.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ОРТАЛЫҚ СТАДИОН ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР: 2022 ЖЫЛЫ НЕ ІСТЕЛДІ?

admin_mugalzhar

Ораза кезінде иммунитет төмендеп кетпеу үшін не істеу керек? Маман айтты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.