Бүгінде аудан бойынша астық жинау науқаны аяқталды. Аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі мамандарының берген мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша жиналған өнімнің жалпы көлемі 2 410 тоннаны құраған.
Осы көктемде аудан бойынша 10 шаруа қожалығы 2 350 гектар жерді жыртып, тұқым сепкен болатын. Олар — бидай, арпа, құмай секілді дәнді дақылдар мен мақсары майлы дақылы.
-Аудан шаруалары биыл 2410 тонна астық алды. Оның ішінде 1 134 тонна бидай, 901 тонна арпа, 375 тонна құмай жинады. Ал 700 гектар жерге майлы дақыл мақсары егілген еді. Бүгінде мақсарыдан жиналған өнім 420 тоннаны құрап отыр, — деді ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Гүлжан Әбілтаева.
Н.ТІЛЕП