«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Доңғалағын қысқы маусымға ауыстырмаған көлікпен жүруге тыйым салынады

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz тілшісі.
Жаяу жүргіншілер қоршаған ортаға ерекше назар аударуы керек. Өйткені көлік кенеттен тоқтай алмайды. Сондықтан жолдан өту кезінде жүргізушінің жол беретініне көз жеткізіп барып, қана жүрісті жалғастырыңыз. Құлаққаптар, телефон және капюшондар адамның назарына кедергі келтіретінін ескеріңіз, — деп атап өтті ведомство өкілі.

Сонымен қатар ол жеке құрам қиындыққа тап болғандардың барлығына көмек қолын ұсынатынын айтты.

ІМ қызмет өткеру кезінде жеке құрамға қиын жағдайда қалған барлық адамдарға көмек көрсету тапсырылды. Сондай-ақ заңнамаға сәйкес қысқы кезеңде қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатынын еске салу қажет. Автокөлік иелері ауа-райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруы керек, егер климат нашарласа, елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуі керек, — деді Шұғыла Тұрлыбек.

Еске сала кетейік, бұған дейін ел аумағында жыл басынан бері 2 мыңнан астам қазақстандық жол апатынан қаза болғаны туралы жазған болатынбыз. Әсіресе қарашада 300-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 60-қа жуық адам қайтыс болып, 400-ге жуық адам жарақат алған.

Ұқсас ақпараттар

Рүстем Қайыртай – бас жүлде иегері!

admin_mugalzhar

СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ДАМЫЛСЫЗ ЖҰМЫСТЫҢ НƏТИЖЕСІ — ЖЕҢІС

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.