«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЙШЫЛЫҚ АЛЫС ЖЕРЛЕРДЕН ЖЫЛДАМ ХАБАР АЛҒЫЗҒАН..

ПОШТА ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ СОНАУ ЖАЗУ ӨНЕРІ ПАЙДА БОЛҒАН СӘТТЕН БАСТАЛҒАН ДЕСЕДІ. СОЛ ЗАМАННАН БЕРІ АДАМДАР БІР-БІРІМЕН ХАТ АЛМАСА ЖҮРІП, СӘЛЕМДЕМЕ ЖОЛДАП, ЖЫЛДАР ЖЕЛІСІНДЕ АТАЛҒАН ҚЫЗМЕТ ҮЛКЕН ЭВОЛЮЦИЯНЫ БАСТАН ӨТКІЗДІ. 1860 ЖЫЛДАРЫ БАСТАЛҒАН ҚАЗАҚ ПОШТАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ҚАЗІРГІТАҢДА МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІНІҢМАҢЫЗДЫ МЕКЕМЕСІНЕ АЙНАЛДЫ. БҮГІНДЕ ҰЗАҚ УАҚЫТТАН БЕРІ АДАМЗАТ ИГІЛІГІ ҮШІН ҚЫЗМЕТЕТІП КЕЛЕЖАТҚАН «ҚАЗПОШТА» АҚ-Ы ЗАМАН АҒЫМЫНА ҚАРАЙ ЖАҢҒЫРЫП, ТҰТЫНУШЫЛАР ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАП, ПОШТАЛЫҚ, АГЕНТТІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚҚЫЗМЕТТІҢ ТҮРЛЕРІН КӨРСЕТЕДІ. БҮГІНГІ МАҚАЛАМЫЗДЫҢ АРҚАУЫ ДА ОСЫ — ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ ТОРАБЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ БОЛМАҚ.

ӘР ОКРУГТІҢ ӨЗ ПОШТАШЫСЫ БАР

Мұғалжар аудандық пошта байланыс торабының құрамында жалпы саны 13 бөлімше бар. Оның үшеуі қалалық, ал қалғаны ауылдық округтерде орналасқан. Аталған бөлімшелерде жалпы саны 57 адам жұмыс жасайды. Олардың бірқатары кассаларда операторлық қызмет көрсетсе, өзгелер газет-журналдарды іріктеп, межелі орнына жеткізеді. Ал енді бірі сәлемдеме қабылдап, оны тапсыру және жөнелту жұмыстарымен айналысады. Аудан бойынша жалпы саны 14 пошташы хаттар мен газет-журналдарды тиісті жеріне жеткізеді. Сондай-ақ пошташыларға халықаралық үлгідегі форма, сөмке, смартфондар берілген.

Сонымен қатар орталықта орналасқан пошта байланыс торабында электронды кезек аппараты жасап тұр. Аталған аппаратпен поштаға келушілер жеке сәйкестендіру нөмірлерін енгізу арқылы талон алып, электрондық кезекке тұра алады. Талон нөмірін қабырғаға ілінген экранда бақылап, оператордың терезесіне өтеді.

Аудандық пошта байланыс торабында Қандыағаш, Ембі, Жем қалалық пошта бөлімшелері қала тұрғындарына жүйелі қызмет көрсетуде. Сонымен қатар ауданның жер көлемінің үлкендігіне байланысты екі аймақ бойынша да қызмет жасаймыз. Қандыағаш аймағына Ақкемер, Еңбек, Жұрын, Талдысай, Қаракөл ауылдары кіреді. Ал Ембі аймағына Жағабұлақ, Құмжарған, Қайыңды, Мұғалжар, Құмсай ауылдары қарайды. Жоғарыда аталған ауылдардың барлығында автоматтандырылған пошта бөлімшелері бар. Бөлімшелер компьютермен және интернетпен жабдықталған Сонымен бірге барлық бөлімшелерге пост терминалдар қойылған. Бұндағы мақсатымыз — ауылдың тұрғындарына барынша жағдай жасап, жалақыларын, зейнетақылары мен жәрдемақыларын ауылда отырып алуларына мүмкіндік жасау, — дейді Мұғалжар аудандық пошта байланыс торабының басшысы Рысалды Құрманова.

Оның айтуынша, Ащысай және Егіндібұлақ ауылдық округтерінде тұрғындар санының аз болуына байланысты пошта бөлімшелері жабылған. Дегенмен, ол олқылықтың орнын толтыру мақсатында аталған округтерде халыққа қызмет көрсету үшін пошташылар бар. Олар ауылға газет-журналдар мен хабарларды және заттарды жетізіп отырады.

ПОШТА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТЕДІ

Аудандық пошта торабынан 5412 адам өз зейнетақысын алса, 1431 адам жәрдемақы алады. Бұрын зейнетақы мен жәрдемақы берілетін уақытта пошта кассаларында ұзын-сонар кезек болатын. Ал бүгінде бұл мәселе өз шешемін тауып келеді. Олай деуге негіз бар. Себебі бүгінде 3807 адам өз қаржысын бонкамат картасы арқылы пошта терминалынан алып жүр. Бүгінде поштаның көрсететін қызметтері күн сайын ұлғаюда. Әсіресе, қаржылық операциялар көптеп жасалады.

Қазірде пошта торабы екінші деңгейлі банктердің қызметін атқарады. Әрине, банктер секілді кредит бермейміз. Десек те, Хоум Банк Кредит банкімен серіктестік қызмет атқарамыз. Сонымен қатар, арнайы карта рәсімдеп, түрлі коммуналдық қызметтерді, салық пен айыппұлдарды сайтқа тіркелу арқылы төлеуге болады. Тұрғындар пошта бөлімшелерінен теміржол және авиабилеттерді сатып ала алады. Біздің мақсатымыз — пошта арқылы кез келген қызмет түрін тұтынушыға жеткізу, — деді пошта торабының басшысы.

БАСПАСӨЗГЕ ЖАЗУ, ОҚЫРМАНҒА ЖЕТКІЗУ — БАЙЫРҒЫ ӘРІ БАСТЫ МІНДЕТ

Поштаның бұрыннан атқаратын қызметтерінің бірі — баспасөзге жазу. Сонымен бірге мекеме қызметкерлері мерзімдік басылымды таратуда да зор міндет атқарады. Олар баспасөзге жазылу науқанын өткізіп, оқырмандарға дер кезінде жеткізуді де қамтамасыз етеді. Пошта торабының басшысы Рысалды Құрманова бүкіл әлем ақпараттық технологияға бет бұрған заманда баспасөзге жазылатын адамдардың жалпы қарасының аз екенін айтады. Дегенмен газет-журналдарға жазылып, оқитын орта буын өкілдері мен зейнеткерлердің барын жеткізді. Олар газет-журналдарды күтіп, бөлімшеге іздеп келеді екен.

Сұхбат арасында торап басшысына ауылдық жерлерге хат-хабар мен газет-журналдардың уақытынан кеш жететінін айтып бізге хабарласатын оқырмандардың сұранысын жеткізіп, оның себебін сұрадық.

Пошташыларымыз газет журналдарды уақытында жеткізуге барынша мүмкіндік жасайды. Қызмет көрсетудің негізгі параметрі бұл — жеткізу уақыты мен жедел қызмет көрсету. Басылымдар мен хаттар аудандық пошта торабына облыс орталығынан көлікпен жеткізіледі. Оны пошта қызметкерлері іріктеп, аймақ-аймаққа бөледі. Содан соң басылымға жазылған жеке адамдардың мекен-жайы мен аты-жөні жазылып, бернеше сатылы жұмыстан өтіп барып, таратылады. Біз қала ішінде тұратын адамдарға газет жарыққа шыққан күннің ертеңінен қалдырмай жеткізуге тырысамыз. Ал ауылға жеткізілетін газет-журналдарға келетін болсақ, оларды ауылға жеткізу үшін жеке жалдамалы адамдармен келісім-шартқа отырамыз. Жалдамалы жеке адам деп отырғаным — қала мен ауыл арасында тұрақты қатынайтын таксист жүргізушісі. Олар келісім-шарт негізінде тұрақты түрде жеткізіп отырады. Дегенмен қыс мезгілінде күннің райына байланысты кешігетін кездері болады. Оны бір себебі Мұғалжар ауданы екі ауданнан құралған үлкен аудан болғаннан деп есептеймін. Сондықтан шалғай орналасқан ауылдарға кешігіп жететін жағдайлардың орын алатынын жоққа шығара алмаймын, — деді Рысалды Құрманова.

РOST.KZ ПОРТАЛЫ: ҚОЛ ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІК

Пошта қызметінің тағы бір қолжетімді жетістігі — post.kz порталы. Аталғансайтқатіркелгентұтынушы пошта арқылы келген сәлемдемені өздері барып арнайы ұяшықтан алып кете алады. Яғни, сәлемдеменің жергілікті пошта торабына жеткендігі, қайұяшықтатұрғандығы туралы СМС-хабарлама келеді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта кез келген тұтынушымыз өзінің сәлемдемесінің қайда келе жатқандығын тікелей бақылай алады. Сәлемдеме нөмірі арқылы тауарының қай жерде, тіпті, қай мемлекетте келе жатқандығын көре алады. Поштатұтынушыларыкез келген тауарға www.vpost.kz порталы арқылы тапсырыс бере алады. Сонымен қатар шетелдік интернетдүкендержелісінентапсырысберіп, жүктерді пошта арқылы жеткізу қызметін де көрсетеді. Пошта жүйесінің тағы бір көрсететін қызметі — Postmarket.kz. Бұл — саудагерлерге арналған онлайнплатформа. Ондаолартауарларын шығарып, сата алады. Ондағы мақсат — ауыл мен қаланы біріктіру. Ауыл тұрғындары аталған платформа арқылы өз өнімдерін қалаға сатуға мүмкіндік ала алады екен.

Нұрғаным ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда полицейлердің зейнетке шығу жасы көтерілмек

admin_mugalzhar

Хубей провинциясында коронавирустан қаза тапқандардың саны 100-ге жетті

admin_mugalzhar

Нью-Йоркте жүздеген адам Байденнің жеңісін тойлауға шықты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.