«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2023 жылы туристер үшін әлемдегі 7 қауіпсіз қала аталды

2023 жылы туристер үшін әлемдегі 7 қауіпсіз қала аталды. Рейтинг сауалнама және әлем бойынша қауіпсіздік пен қылмыс индекс мәліметтері нәтижесінде құрылған, деп хабарлайды BAQ.KZ TraveloffPath.com-ға сілтеме жасап.

Әлемде қауіпсіз бағыттар жетерлік. Алайда рейтингтегі жеті қала ең қауіпсіз қала статусына ие болған. Саяхатшыларды сақтандыру компаниясы — Berkshire Hathway Travel Protection кішігірім зерттеу жүргізген.

1. Рейкьявик, Исландия

Әлемнің ең қауіпсіз қаласы статусын Рейкьявик иеленді. Мұндағы ең қауіпті болуы мүмкін нәрсе — қыста көшелерде мұз қатады. Мамандар осыған ғана назар аудару керектігін айтады.

2. Копенгаген, Дания

Тағы бір скандинавиялық қала әлемнің қауіпсіз қалалары рейтингінде екінші орынға жайғасты. Копенгагенде туристер үшін қауіпті болуы мүмкін нәрсе — қымбатшылық. Бұл әлемдегі ең қымбат қалалардың бірі екенін айта кеткен жөн. Туристер көрерлік жерлер баршылық: Нюхавн, Кристиансборг бекінісі, Амалиенборг сарайы және Тиволи Гарденс көңіл көтеру саябағы.

3. Монреаль, Канада

Солтүстік Америкадан тізімге енген жалғы қала. Монреаль — Канадада саяхаттауға арналған керемет жерлердің бірі. Ол қауіпсіз әрі арт-сахналарымен, музыкалық фестивальдерімен және мәдениетімен танымал.

4. Амстердам, Нидерланды

Амстердамда не қауіпсіз болуы мүмкін? Велосипедшілер. Бұл қалада велоспиедшілер мен жаяу жүргіншілер жиі соқтығысады екен. Қаланың архитектурасы, тарихы және мәдениеті Еуропаға барған әрбір туристі өзіне тартады.

5. Сеул, Оңтүстік Корея

Сеул Азиядағы ең қауіпсіз қалалар тізімінен түспейді, себебі мұнда қылмыс деңгейі өте төмен. Саяхатшыларды Оңтүстік Корея астанасы тарихи көрнекі орындарға бай мегаполис ретінде және дәстүрімен қызықтырады.

6. Сингапур

Қала өте қауіпсіз әрі таза. Онда адамдар тығыз орналасқанына қарамастан көптеген саябақтар мен көгалдандырылған аймақтар баршылық. Оның әуежайы әлемдегі ең мықтылардың бірі әрі танымал.

Алайда мұнда қатаң заңдарға назар аудару қажет: рұқсат етілмеген жерден өту, қоқыс тастау, сағыз шайнау заңға қайшы әрекет болып есептеледі және туриске қомақты мөлшерде айыппұл салынады немесе абақтыға жабылады.

7. Токио, Жапония

Жапония астанасы — шулы мегаполисте қауіпсіздік деңгейі өте жоғары әрі қылмыс деңгейі өте төмен. Мұнда ультразаманауи дәстүрге ұласады және жарқыраған зәулім ғимараттармен бірге сіз дәстүрлі ғибадатханаларды таба аласыз. Токио өзінің керемет тағамдарымен, сәнімен және ерекше мәдениетімен танымал.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

2022-2023: ЖАҢАЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРІС

admin_mugalzhar

Елімізде қай пәннің мұғаліміне сұраныс көп?

admin_mugalzhar

ЖҰРЫНДЫҚ АНСАМБЛЬ ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.