«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ЖОЛДА ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАРҒА КӨМЕКТЕСТІ

Қандыағаштық теміржолшылар жолда қалған түркиялық ауыр жүккөлік жүргізушілеріне көмектесіп, қазақ елінің мейірім әрі қонақжай екенін көрсетті.
ТЧ-5 Локомотив бригадасының машинистері Руслан Көзденов пен Иван Сафронов іссапар кезінде осыдан бірнеше күннен бері Ақтөбе-Шұбарқұдық тас жолында тоқтап тұрған көлікті байқайды. Қозғалыссыз тұрған көліктің мән-жайын білмек ниетте олар арнайы барып, жолаушыларына жолығады. Жөн сұрай келе олардың Түркия елінен Павлодар қаласына тауар тиеп бет алған жүргізушілер екенін біледі. Жүрегі жылылыққа толы машинстер қақаған қыстың аязында жолда қалған жолаушыларға тамақ пен ас-су апарып, қол көмектерін берді. Ал Ибрагим есімді түрік жүргізушісі өздеріне көмек беріп, мейірімділік танытқан қандыағаштықтарға ыстық ықыласын білдіріп, алғысын жаудырды. Бүгін бұзылған көліктің қосалқы бөлшегі келетінін, жөнделген соң жолға шығып, межелі жеріне аман жетуге ниетті екенін айтты.

Ұқсас ақпараттар

«ТЕРМОЖАҢҒЫРТУ ҚАШАН?» — ЖАСТЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда әскерилердің зейнет жасы 5 жылға өседі

admin_mugalzhar

Туған қызын зорлады деп күдікке іліккен Ақтөбе тұрғыны 19 жылға сотталды

admin_mugalzhar