«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰНАЙ — ГАЗ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Аудан әкімі Д.Ермағанбетов, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы І.Ешниязов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Нурлин «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС-нің Қожасай, Әлібекмола кен орындарында орналасқан газ өңдеу зауыттарының және «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС-нің жұмыстарымен танысты.

Жұмыс сапары барысында газ өңдеу зауыттарындағы жұмысшылардың жалақысы, әлеуметтік және еңбек жағдайлары, өндіріс көлемі сұрақтары қаралды.

Сонымен қатар аудан басшысы «Арал петролеум», «Каспий нефть ТМЕ», «Реалракурс», «Халли Бертон», «Шлюмберже» мекемелерінің жұмыстарымен танысып, жауапты басшыларымен кездесті.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында ауыл әкімі өз кабинетінде карта ойнаған

admin_mugalzhar

2025 жылы 10 мың бизнес-бастамаға қолдау көрсетіледі

admin_mugalzhar

КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІ ЕСКЕРТЕДІ!

admin_mugalzhar