«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘЛІППЕ ӘЛЕМІ – ӘРІПТЕРМЕН ӘДЕМІ

Мұғалжар ауылындағы Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебінің 1 «Б» сынып оқушылары «Әліппе әлемі — әріптермен әдемі» атты ертеңгілік өткізіп, әліппемен қоштасты. Аталған кеште оқушылар Әліппеден алған білімдерін ортаға салып, Ана тілі оқулығымен танысты.

Олар Әліппеге арналған тақпақтарын айтып, өлең жолдарын шырқады. Кеш барысында Әліппе оқулығы оқушыларға «Сиқырлы алма» ағашы әдісімен алманың артында жасырылған сұрақтар қойып, оқушылардан жауап алды. Ал Математика оқулығы «Тауық пен жұмыртқа» әдісі бойынша жұмыртқа теру ойынын ойнатты. Аталған ойында оқушылар белсенділік танытты. «Ұстаз-Ана» әнін шырқап, «Көңілдіби» биінбиледі. Ертеңгілік соңында «Оқып, біліп, үйренеміз» әнін оқушы Жадыра Мырзалиева орындады. Ата-аналардың демеушілігімен балаларға тәттілер таратылды. Кеш соңындабастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Жанар Жалғасқызы мен ата-аналарқұттықтау сөзсөйлеп, алғысын жеткізді.

А.АЛТЫБАЕВА.

Ұқсас ақпараттар

ПУТЬ К СИЯЮЩЕЙ УЛЫБКЕ

admin_mugalzhar

Азаматтық қоғам да халық үніне құлақ асуы керек — А. Қожахметов

admin_mugalzhar

29 тамыз Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

admin_mugalzhar