«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ГҮЛФАРАНЫҢ НАУБАЙХАНАСЫ

Бүгінде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер саны артып келеді. Солардың бірі Сағашилі ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Гүлфара Қонысбай.

2022 жылы кәсіпкер наубайхана ашу мақсатында «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, өз жобасын қорғап, 4 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болып, биыл наубайхана ашты. Қазіргі таңда тәулігіне 70-90 дана бөлке нан пісіріп Сағашилі ауылындағы дүкендерге өткізуде.

Аудан әкімі тарапынан «Интергаз Орталық Азия» АҚ-нык облыстық филиалымен сөйлесіліп, кәсіпкердің наубайханасына газ қосуға көмек көрсетілді. Сонымен қатар наубайхана бастапқы кезеңде толық жұмысын бастап кету үшін кәсіпкерге арзандатылған бағамен ұн алынып берілді.

Гүлфараның ендігі жоспары — Еңбек ауылдық округіндегі дүкендерді нан өнімдеріне деген сұраныстарын қамтамасыз ету.

Ұқсас ақпараттар

АСҚАБАҚТАН ТАБИҒИ ӨНІМДЕР ЖАСАЙТЫН АСЫЛАЙ

admin_mugalzhar

Ұлттық құрылтай — келелі істердің бастауы

admin_mugalzhar

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar