«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚКЕМЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

22 қаңтар күні өткен Ақкемер ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы бойынша Дамир Мәлікұлы Қожаниязов Ақкемер ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Дамир Мәлікұлы 1984 жылы Ақтөбе облысы, Ембі қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2002-2005 жылдар аралығында Голубиновка орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2009-2010 жылдары Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскері қызметін атқарды. 2010-2014 жылдары Көктөбе негізгі мектебінің директоры, 2014-2019 жылдары Қ.Жұбанов атындағы орта мектебінің директоры болып еңбек етті. 2019 жылдың наурыз айынан бастап осы күнге дейін Ақкемер ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келді.

Ұқсас ақпараттар

ЧЕМПИОН ГҮЛІМ ҮЗДІК СПОРТШЫ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ШЕҢГЕЛШИ АУЫЛЫНА ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

«ТУҒАН ӨЛКЕМ — МАҚТАНЫШЫМ!»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.