«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбелік хоккейші қыздар марапатталды

Ақтөбе облысы шайбалы хоккей Федерациясы жанындағы хоккей Академиясының екі тәрбиеленушісі — қорғаушы Медина Кішекеева және қақпашы Арина Павловская Болгарияда өткен хоккейден Әлем чемпионатында 18 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасының сапында алтын медаль иегері атанды.

Кеше әлем чемпиондары — «Ақтөбе» хоккей академиясының тәрбиеленушілері Ақтөбе облысы әкімі Ералы Тоғжановтың Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты рәсім «Ақтөбе» ХК мен Атыраудың «Жас Батыр» командасы арасындағы ҚР чемпионатының ойыны кезінде өтті.

Өңір басшысы жанкүйерлерді спорт әлеміндегі жаңа жетістікпен құттықтап, хоккейші қыздарға алғысын білдірді.
— Соңғы 5 жылда Ақтөбеде хоккей спорты жаңа деңгейге көтерілді. Негізгі команда тамаша нәтижелер көрсетіп, плей-оффқа шықты.

Олардың артынан жасөспірімдер де қалмай келеді, бұған лайықты жарқын мысал — біздің қыздарымыз — Медина Кішекеева мен Арина Павловская. Олар Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бірінші орынды иеленуіне зор үлесін қосты, еліміздің намысын қорғап, халықаралық аренада көк туымызды желбіретті. Бұл үшін оларға ерекше алғыс айтамыз.

Спортшыларымызға зор денсаулық, амандық тілеймін, — деді өз сөзінде Ералы Тоғжанов.
Айта кетейік, 2021 жылы «Ақтөбе облысының шайбалы хоккей Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің жанынан балаларға және жасөспірімдерге арналған хоккей академиясы ашылған-ды.

Оның құрамында қазір 2008, 2010, 2011 және 2012 жылы туған балалардың үш командасы бар. Барлығы 84 бала тәрбиеленуде, олардың арасында қыз балалар да бар.

Ақерке САТЫБАЛДЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

ЕМБІЛІК ДИАС САЙЛАУДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

admin_mugalzhar

В Кандыагаше появилось инватакси

admin_mugalzhar

БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК БАЗАРЛЫҚ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.