«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

20 күнде 27 мың көлік тіркелді

Заңдастырудың алғашқы 20 күнінің қорытындысына сәйкес Қазақстанда 27 мыңға жуық көлік тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Тағы 65 мыңнан астам автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірлік агрегаттарды салыстыруға және одан әрі тіркеуге жіберілді.

Сонымен бірге ІІМ автокөліктерді заңдастыру процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешу үшін талдау жүргізуде.

Атап айтқанда, заңдастыру процесінде көбіне басқару органдары оң жақта орналасқан автокөліктер анықталды, олар ел аумағына қосалқы бөлшектер түрінде әкелініп, кейіннен Қазақстан азаматтарына сатылған.

Аталған көліктер бойынша Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды Қазақстан Республикасында бастапқы тіркеудің құқықтық тетіктерін әзірледі.

Қазір заңмен ресімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ «ЕҢ ҮЗДІК ВОЛОНТЕРЛІК ОРТАЛЫҚ» АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

БҮГІН БІЗДІҢ МЕРЕКЕ

admin_mugalzhar