«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс беріледі?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.
Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ұқсас ақпараттар

ЖАНДОС — ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_mugalzhar

«КҮМІС ЖАС»: 57 ЕГДЕ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбелік дзюдошылардың жеңісі

admin_mugalzhar