«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ШАҚЫРАДЫ

ҰҚК Шекара қызметіні мемлекеттік шекара тыныштығын қамтамасыз ететін қуатты құрылым.
2020 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі реформаға ұшырады, оның шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жүйесіне толық интеграцияланған Шекара қызметінің қазіргі заманғы құрылымы құрылды.
Офицерлерді Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясында дайындайды. Бұл өткен жылы өзінің 90 жылдығын атап өткен ғасырға жуық тарихы бар жоғары әскери оқу орны.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына қабылданады:
1) орта немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, әскери қызмет өткермеген, оқуға түскен жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған азаматтар; 2) әскери қызмет немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген азаматтар және әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер оқуға түскен жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін; 3) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеретін қызметкерлер оқуға түскен жылы жиырма бес жасқа толғанға дейін. Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара академиясына және Ресей Федерациясының Жоғары әскери оқу орындарына түсуге үміткерлер оқуға түсу жылының алдындағы 1 қарашаға дейін тұрғылықты жері немесе қызметі бойынша ҰҚК органдарына тестілеуді тапсыру және оқу тілін көрсете отырып, келесі құжаттарды тапсырады: — запастағы әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер-еркін нысандағы өтініш; — әскери қызметшілер — басшылықпен келісілген еркін нысандағы баянат (ҰҚК органдары). Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша ҰҚО жоғары оқу орындарына түсетін адамдардың өтініштеріне (баянатқа) қоса беріледі: 1) қосымшасы бар жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесі немесе техникалық және кәсіптік білім туралы не орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес білім беруді аяқтамаған адамдарға, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына берілетін анықтама (түпнұсқа) «Білім туралы құжаттардың түрлерін, құжаттардың нысандарын бекіту туралы мемлекеттік үлгідегі білім туралы және оларды есепке алу мен беру қағидалары, өз үлгісіндегі білім туралы құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптар және оларды есепке алу мен беру қағидалары, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білімін аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысаны туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10348 болып тіркелген);
3) жеке куәліктің көшірмесі;
4) туу туралы куәліктің көшірмесі;
5) алты фотосурет (бас киімсіз, өлшемі 4,5 х 6 см);
6) Өмірбаян және сауалнама. Қызмет және тұрғылықты жері бойынша оқуға үміткерлер әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық және медициналық куәландырудан, сондай-ақ қызметке жарамдылығын анықтау үшін полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Ағымдағы жылғы және өткен жылдардағы жалпы білім беретін мектептердің түлектері қатарынан оқуға үміткерлер шекара академиясына ҰБТ нәтижелерімен келеді, оларды таңдаған мамандығын ескере отырып, ғылым және білім министрлігі белгілеген тәртіппен жергілікті жерлерде тапсырады. Түпкілікті кәсіби іріктеуге қатысу үшін кандидат ҰҚО ЖОО комиссиясының құрамына, оның ішінде салыстырып тексеру жүргізу үшін мынадай құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады:
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша – жеке басын куәландыратын құжат, қосымшасы бар жалпы орта білім туралы аттестат немесе қосымшасы бар техникалық және кәсіптік білім туралы не орта білімнен кейінгі білім туралы диплом, тестілеу нәтижелері кемінде 50 балл болатын ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) нәтижелері бойынша сертификат, оның ішінде кемінде 5 балл — Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілінде) және әрбір бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл. Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін түпкілікті кәсіби іріктеуге қатысуға кандидаттарға жол берілмейді.
Шекара қызметі қатарында жұмыс істеудің қандай артықшылықтары:
Әскери қызмет – бұл әскери қызметшінің өзін де, оның отбасы мүшелерін де әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін кәсіби өсу перспективаларын беретін мемлекеттік қызметтің ерекше түрі. Бұл тұрақтылық, лайықты жалақы. Ай сайын әскери қызметшілер лауазымдық жалақыны, әскери атағы бойынша жалақыны және қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды және нарядта қызмет өткеру кезінде ақшалай өтемақы төлеуді, заттай мүлікпен қамтамасыз етуді, сауықтыруға жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы демалысты, тегін медициналық қамтамасыз етуді, 47 жастан бастап лайықты зейнетақымен қамтамасыз етуді қамтитын ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметшілер тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесіне ауыстырылды.
Бұл ретте қызметтік тұрғын үйді одан әрі жекешелендіру мүмкіндігімен алу немесе жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алу құқығы сақталды.
Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері Әскери қызмет өткеру кезеңінде мемлекет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Әскери қызметшілерге ай сайын отбасының әрбір мүшесіне 31734 теңге мөлшерінде тұрғын үй төлемдері төленеді. Тұрғын үй төлемдерін Екінші деңгейдегі банктер арқылы, сондай-ақ «Отбасы банкі» арқылы тұрғын үй сатып алу үшін пайдалануға болады.
Тұрғын үй төлемдері моделінің ерекшелігі – бұл әскери қызмет өткеру кезеңінде де, қызметтен кейін де жеке меншікке тұрғын үй сатып алу арқылы әскери қызметші мен оның отбасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҰҚК ШҚ Ақтөбе облысы
бойынша департаменті

Ұқсас ақпараттар

25 СЛУЧАЕВ КВИ ЗА НЕДЕЛЮ

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

admin_mugalzhar

Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.