«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Оқушылар қысқы каникулда 10 күн демалады

Елімізде қысқы каникул кезеңі 2024 жылдың 30-желтоқсаны мен 2025 жылдың 8-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалған. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:

• «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» мектепішілік іс-шарасы;
• театр фестивальдері мен қойылымдары;
• жаңа жылдық әшекейлер жасау бойынша шеберлік сабақтары;
• қауіпсіздік сабақтары;
• мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;
• спорттық ойындар, коньки, шаңғы тебу;
• қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.

«Ең бастысы — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады», деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.

Ұқсас ақпараттар

ПРАЙМЕРИЗ: 26 ҮМІТКЕР ТІРКЕЛДІ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының жылу беру маусымына дайындығы 92%-ке жетті

admin_mugalzhar

Қазақстанның 11 өңірінде жолдар жабық

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.