«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨРПЕ ҚҰРАП, ІС ТІККЕН…

Бүгінгі газетіміздің кейіпкерлеріне айналған шеберлердің қатарын Гүлзия Қарабалақова толтырады. Еңбек ауылдық округіне қарасты Сағашилі ауылында тұратын кейіпкеріміз бала кезінен анасынан үйренген өнерді өсе келе дамытып, бүгінде кәсіп көзін ашып отыр.

Ойыл ауданындағы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округте дүниеге келген кейіпкеріміз Сағашилі ауылына келін болып түскен. Содан бері экономист-есепшілікке оқыған келіншек өз мамандығы бойынша жұмыс таппағасын, ауылдастарынан тапсырыс алып, үйден тігін тігіп бастапты.

Бала кезімнен тігін тігуді, қолөнерді жақсы көремін. Ешқандай тігін саласында оқымадым. Дегенмен он саусағынан өнер тамған анамның қасында отырып үйренгенім бүгінде өзіме азық болып отыр. Қонақ көрпелер мен жастықтарға, қазақы нақыштағы киімдерге тапсырыс аламын. Оған қосымша қазақы шашбаулар, алқалар, сырғалар, өңіржиек, тақия, сәукеле, қарсы ілгектер, табиғи тастардан білезіктер, шашқа арналған әшекейлер, маңдайшалары тастармен көмкерілген дүниелердің барлығына тапсырыс қабылдап, үйде отырып тігемін, — деген Гүлзияның қолөнермен айналысып жүргеніне алты жылдың жүзі болыпты.

Ол өзіне қажетті материалдарды Ақтөбе қаласынан арнайы барып, қолмен ұстап, көзбен көріп, алып келеді екен. Болашақта өзінің тігіншілік өнерін дамытып, қол өнерге бір жола ден қоюды жоспарлап отырған Гүлзия: «кәсіп ашқысы келетін адамға ең керегі еңбекқорлық пен табандылық екен. Ерінбесең, қиындыққа мойымасаң, көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Алдыға мақсат қою да маңызды. Сол мақсатқа жету жолында еңбектеніп келемін. Ертеңнен күтер үмітім де мол», — дейді.

Әміржан ӨМІРТАЕВ.

Ұқсас ақпараттар

«Ақтөбе» футбол клубы соңғы 7 жылда алғаш рет жеңіс тұғырынан көрінді

admin_mugalzhar

АУДАНДА 11 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДАРҒА ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Жаңбыр және аптап. Демалыс күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.