«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекет басшысы Шавкат Рахмоновты қабылдады

Мемлекет басшысы аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты.

Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ПАТРИОТТЫҚ САҒАТ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Абай — руханияттың биік шыңы

admin_mugalzhar

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

admin_mugalzhar