«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Шымбұлақ» курорты Гиннестің рекордтар кітабына кірді

«Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты ресми түрде «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына кірді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Guinness World Records офисінің судьясы Шейда Субаши-Гемиджи өз сөзінде «Шымбұлақта» болғанына қуанышты екенін айта келе, тау шаңғы курортының бас директоры Ринат Абдрахмановқа әлемдік рекордты растайтын сертификатты табыс етті.

Сертификатты тапсыру рәсімі және рекорд нәтижесін ресми тіркеу – теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте «Талғар асуы» станциясында өтті.

«Шымбұлақ» тау курорты әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде ресми түрде Гиннес рекордын алғанын хабарлағаныма қуаныштымын. Бұл – әлемдегі жаңа рекорд», – деді Шейда Субаши-Гемиджи.

Өз кезегінде Ринат Абдрахманов бұл ел үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, 5 жыл бұрын шаңғымен түнгі сырғанау жолын ашу оның арманы болған, ал бүгінде арманы шындыққа айналды. Ол жиынға қатысушыларды өз арманына сенуге және алға ұмтылуға шақырды.

Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты.

«Бүгін – тарихи күн. «Шымбұлақ» тау шаңғы курортымыз Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл – бүкіл ел үшін үлкен жетістік. Әрине, біздің әлеуетіміз зор, «Шымбұлақ» – еліміздегі туризмді дамытудағы негізгі орындардың бірі. Жалпы, қазіргі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен нақты қадамдар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, елімізде алдағы жеті жылға арналған туризм саласын дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Біз жергілікті атқарушы органдармен, серіктестермен, бизнес қоғамдастықпен бірлесіп инфрақұрылымды және туризмімізді дамытатын боламыз», – деді Асхат Оралов.

 

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНА ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.