«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШЕТ ТІЛІНДЕ САЙРАСАҢ – ШЕТЕЛГЕ БАРАСЫҢ!

ӨТКЕН АПТАДА АСТАНА ҚАЛАСЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ. АТАЛҒАН БІЛІМ ДОДАСЫНА ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АЙ-АМИ» БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 13 ОҚУШЫСЫ ҚАТЫСЫП, ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ. ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАР ЕГИПЕТ МЕМЛЕКЕТІНДЕ ӨТЕТІН ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛҒАН.
Екі турға бөлінген олимпиадаға әр облыстан 117 оқушы қатысып, өз білімдерін сынға салған. Оқушыларға жетекшілік еткен аталған білім орталығының директоры Ақтоты Мұқанбетқалиқызының айтуынша, оқушылар бірінші турда тест тапсырмаларын орындаса, екінші турда Reading оқылым болған. Тест тапсырмалары әр оқушының жас ерекшеліктеріне қарай дайындалған.
Тек мықтылар ғана бас қосқан жарыс болды. Ал мен үшін үлкен тәжірибе болды. Апарған оқушыларымның барлығы дерлік жеңіспен оралды. Айталық, С категориясы бойынша 6-9-сыныптар аралығында І орынды №5 Қандыағаш қалалық орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сабина Шакенова, І орынды №1 Қандыағаш қалалық орта мектебінің 8-сынып оқушысы Әлім Ермағамбетов, ІІІ орынды №5 Қандыағаш қалалық орта мектебінің 7-сынып оқушысы Нұрлыбек Қайыров, ІІІ орынды №5 Қандыағаш қалалық орта мектебінің 8-сынып оқушысы Наргиз Қабыл, ІІ орынды №5 Қандыағаш қалалық орта мектебінің 6-сынып оқушысы Елжан Жанкелдіұлы иеленді. Ал В категориясы бойынша 4-5 сыныптар аралығында ІІІ орынды №5 Қандыағаш қалалық орта мектебінің 6-сынып оқушысы Бекжан Еснияз, ІІ орынды №5 Қандыағаш қалалық орта мектебінің 5-сынып оқушысы Саят Андрей, ІІ орынды №1 Қандыағаш қалалық орта мектебінің 4-сынып оқушысы Меруерт Махметбай, ІІІ орынды №1 Қандыағаш қалалық орта мектебінің 5-сынып оқушысы Ақниет Буранбаева жеңіп алды, — деді Ақтоты Мұқанбетқалиқызы.
1,2,3-сыныптар аралығындағы оқушылар сынға түсетін А категориясы бойынша ІІІ орынды №5 Қандыағаш қалалық орта мектебінің 2-сынып оқушысы Айару Қабыл, ІІ орынды №1 Қандыағаш қалалық орта мектебінің 2-сынып оқушысы Нұр-Мұхаммед Ғабит, ІІІ орынды №5 Қандыағаш қалалық орта мектебінің 3-сынып оқушысы Динара Сембек, ІІІ орынды №5 Қандыағаш қалалық орта мектебінің 3-сынып оқушысы Зере Светбай қанжығасына байлаған. Аттары аталған оқушылар жаз айларында Египетте өтетін олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алған.
Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ — МҰҒАЛЖАРДА

admin_mugalzhar

КӨШЕ АТАУЛАРЫ ҰЛТТЫҚ МӘРТЕБЕ АЛУДА

admin_mugalzhar

Қазақстандық шорт-трекші Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.