«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ: МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

Өткен аптада мектеп оқушылары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ұлттық Мектеп Лигасының» аудандық кезеңі өтті.

Аталған лигада оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай спорттың баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, жеңілатлетика бойынша сынға түсті.

Ұлттық лиганың мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, патриоттыққа тәрбиелеу. Сонымен бірге лигада облыстық, республикалық жарысқа қатысатын мектеп командалары анықталады. Аудандық кезеңге мыңнан астам оқушы  қатысып, жоғарыда аталған спорт түрлерінен сынға түскен.

— 9-11 сынып оқушылары (ер балалар) арасында футбол жарысында І орынды №2 Қандыағаш қалалық орта мектебінің,  ІІ орынды №4 Қандыағаш қалалық орта мектебінің,  ІІІ орынды №1 Ембі қалалық орта мектебінің командалары жеңіп алды. Ал 5-6, 7-8 сынып оқушылары арасында жеңіл атлетика жарысында жекелей ұпай және эстафета ұпайы жинағымен жалпы командалық есепте 5-6 сынып бойынша І орынды №2 Қандыағаш қалалық, ІІ орынды Қ.Жұбанов орта мектебі, ІІІ орынды №4 Қандыағаш орта мектептернің командалары жеңіп алды. Ал 7-8 сынып бойынша І орын №2 Қандыағаш қалалық, ІІ орын №5 Қандыағаш қалалық, ІІІ орын №4 Қандыағаш қалалық мектептерінің командалары иеленді. 9-11 сыныпта оқитын қыз балалар арасында өткен футболда І орынды №1 Ембі қалалық  орта мектебінің, ІІ орынды №4 Ембі қалалық орта мектебінің, ІІІ орынды Құмжар-ған орта мектебінің командалары қанжығаларына байлады, — деді білім бөлімінің әдіскері Шамған Жұмабаев.

Жеңімпаздар аудандық білім бөлімі басшысының арнайы дипломдарымен және медальдармен марапатталған. Аталған жеңімпаз командалар бүгінде облыстық кезеңде сынға түсіп, жақсы нәтиже көрсетуде.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Актюбинцы смогут оплатить госпошлину с помощью QR-кода

admin_mugalzhar

10 өңір «қызыл» аймақта тұр

admin_mugalzhar

ЖАМАҒАТ МЕШІТКЕ БАРАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.