«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

Отандық медицина қызметкерлерінің жалақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысында жазылған деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құжатта көрсетілгендей, енді медицина және фармацевтика қызметкерлерінің лауазымды айлық мөлшері мына түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

– Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы): 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3,42 мөлшерінде;

– Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блогының негізгі персоналы): 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,34 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

«Жоба Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе жоғары болады» делінген 83-тармағын орындау мақсатында әзірленді», – деп түсіндірме берілген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысына.

Құжат 19 сәуірге дейін көпшілік талқысында болады.

Ұқсас ақпараттар

2026 жылы Қазақстанда «Болашақтың ойындары» өтеді

admin_mugalzhar

Румынияда Димаштың фан-клубы оның концертін ұйымдастырғысы келеді — Нұрбах Рүстемов

admin_mugalzhar

Қазақстанда жолда қалып қойған жүргізушілерге арналған қосымша пайда болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.