«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІЗ НЕГЕ ҰСАҚТАЛЫП БАРАМЫЗ?

«Жаңа заман, жаңа дәуірде өмір сүріп жатырмыз» деп кеуде кереміз. Бірақ сол дамыған заманның кері әрекеттері кейде адамұялатынәрекеттергетолып барады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз. Жастарымыз сонау бабаларымыздан келе жатқан асыл сөздерімізді қаперде сақтап өссе, біздің кей өскелең ұрпақ бұлай майдаланып, үлкендермен сөз таластырмас еді.

Қазір қай үйге барсаңыз да дастархан басында ата-анасынан бастап, еңбектеген балаға дейін телефонға телміріп отырады. Бұл — ата-ананың басты қателігі. «Балық басынан шіриді» демекші, балаға берген тәрбиеміз телефонға телміріп отырғаннан басқа айтарлықтай оң тәрбие беріп жатқанымыз жоқ. Күні кеше қоғамдық көлікте өрімдей жас қыздың егде ақсақалмен сөз таластырып тұрғаны ның куәсі болдым. «Үлкен кісімен сөз таластырғаны қалай?» деп іштей ой сараладым. Әлгіндегі дауыс үдеп бара жатты. Қарияның жанына барып, өз орныма отыруын өтіндім. Соңымыздан айқайлап, жас қызда қалар емес. Орнынан атып тұрып, ақсақалдың жанынак еліп, «жасыңның үлкендігі маған міндет пе?» демесі бар ма?! Бойжеткеннің сөзіне қоғамдық көліктегі ер азаматтардың бәрі даурығып кетті. «Әй, қарағым, сен өзі әкеңнің тәлім-тәрбиесін алған адамсың ба?» депеді, «мен әкемнің тәрбиесі тұрмақ, өзін де көрген емеспін және оның тәрбиесіне мұқтаж емеспін» деді де кері бұрылып, қоғамдық көліктен түсіп қалды.

«Біз де жас болғанбыз, бірақ жауымыз болса да мынадай ауырсөзайтпақтүгілі, ойламадық та. Сендер де ертең қартаясыңдар, қазіргі ұрпақ осылай сөйлейтін болса, сендердің замандарыңдағы жастар сендерді қалай сыйламақ?» деп күрсінді ақсақал.

Расында, ауылда үлкендердің тәлім-тәрбиесін көріп өстік. Сондағы апаларымыз жас баланың жолын кеспейтін. Міне, ер адамға деген бірінші құрметтің белгісі. Қазіргі таңда, ауылдық жерлерде бұл үрдісті жиі кездестіруге болады. Тәрбие – тал бесіктен демекші, баланың ақылды, парасатты, әдепті болып өсуі — ата-ананың мерейі. Қазақ — сөзбен түзеп, көзбен тәрбиелеген ұлы халық. Осындай текті ұрпақтан тараған біз, қалайша ұсақталып барамыз. Тектілікті түлетіп, тексіздікті жөнге салған, сөзі өткір, ойы ұшқыр халық даналығын әрбір жас әрдайым жадында ұстаса, мұндай келеңсіздік болмас еді.

Рза АМАНЖОЛОВА

Ұқсас ақпараттар

ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!

admin_mugalzhar

САҒА АУЫЛЫНДА КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

admin_mugalzhar

Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.