«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қандыағашта 3 маршрут шығады

Қандыағаш қаласындағы жолаушылар тасымалдайтын «Финлюкс» ЖШС-і жуық арада 3-ші маршрут шығарады. Қазіргі таңда жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған қала ішілік қосымша маршрут бағытын қала әкімі аппараты бекітіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қандыағаш қаласында қалаішілік жолаушылар тасымалдайтын маршрут көліктері үш бағыт бойынша жүргізілген болатын. Алайда, қаладағы  жолдардың нашарлығына және жол шығынын ақтамауына байланысты 3 маршрут тоқтатылған еді. Биылғы жылы Мұғалжар ауданының 20 жылдығы мен Қандыағаш қаласының 50 жылдығына орай, қаладағы бірқатар жолдар жөнделіп, аталған маршрут қайта қолға алынды. Сонымен қатар, аталған маршрут бағытындағы жолдардың бойына «Финлюкс» ЖШС-нің директоры Азамат Адаев «Туған жерге тағзым» акциясының аясында қалалық №1 және №4 орта мектептерінің алдарына, Орынбасаров, Жұбанов көшелеріне аялдамалар орнатты.

Қарашаның 20-нан кейін шығатын 3 маршруттың бағыты төмендегідей:

Сонымен қатар, қалалық 2 маршрутқа да өзгерістер енгізілді. Енді бұл бағыттағы жолаушылар көлігі төмендегі сызба бойынша жүреді.

Қандыағаш қаласы әкімінің орынбасары Ерік Бұқарбаевтың айтуынша, алдағы уақытта қалаішілік маршрут көліктеріндегі жолақысының бағасы қымбаттайды. Бұл жанар-жағармай бағасына байланысты болып отыр.

-Осы уақытқа дейін «Финлюкс» ЖШС-і қиыншылықтарға қарамастан жолақысын қымбаттатқан жоқ. Керісінше, шығындалып отырса да, республика бойынша ең төменгі бағаны ұстап отырды. Дегенмен, қазіргі нарықтағы жанар-жағармай бағасының қымбаттауына байланысты олар жолақасын көтеруге мәжбүр болып отыр. Бірақ әзірге қаншаға қымбаттайтыны белгісіз, — дейді ол.

Әнуар ЕСҚАРА

 

Ұқсас ақпараттар

«Қаңтар оқиғасы: Дерек пен дәйек» фильмі жарық көрді

admin_mugalzhar

Снять маски казахстанцы, возможно, смогут осенью

admin_mugalzhar

Республиканың барлық өңірі «қызыл» аймақта

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.