ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАЛЫҚ №2 ЖББОМ БАЗАСЫНДА «ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ — КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МҮМКІНДІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЗАҚ, ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІ ПӘНДЕРІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ.
Заман талабына сай көптілді меңгерген, болашаққа терең біліммен қадам басатын, әлем кеңістігіне еркін қанат қағатын, өз қабілетін таныта алатын, жанжақты дамыған, саналы ұрпақ қалыптастыру жолындағы іс тәжірибемен бөлісу мақсатында ұйымдастырылған семинарға аудан мектептерінен қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәнінен 30 мұғалім қатысты.
Семинар бағдарламасы III бөлімнен тұрды. Ең алғашқы бөлім, яғни семинардың ашылу бөлімінде мектеп директоры Жазира Әбденова әріптестеріне сәттілік тіледі. Екінші кезең, негізгі бөлімде ашық сабақтар, мектепішілікжобалар, коучингтер, панорамалық сабақтар көрсетілді. Соныңішіндеатапөтетін болсақ, қазақ тілі пәнінің мұғалімі К.Айтишева, орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.Айжанова, ағылшын тілінің мұғалімі С.Отарова өз іс тәжірибелерімен бөлісіп, жоғары деңгейде ашық сабақтар өткізді. Үшінші бөлімде семинарда атқарылған іс-шаралар қорытындыланып, пәнмұғалімдеріалдағы уақытта осы алған іс-тәжірибелерін өз сабақтарында қолданып, саналы да тәрбиелі ұрпақ қалыптастыруға ықпал етсе дегенізгі тілектерайтылып, рефлексия жүргізілді. А.МАНАСБАЕВА