«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘЙЕЛ – ДАНА әлде ӘЙЕЛ… КІМ?

Қоғамдағы түсініктің бұрмалануы ма, әлде сананың сонша таяздығы ма, білмеймін, бірақ әйел затын “бытовуха” арқылы бағалап кеткен секілдіміз. Әйел адам дәмді тағам жасай алса, шапшаң қозғалып, үй шаруаларын тиянақты атқарса, онда оның статусы жоғары деп бағалайтындаймыз ба, қалай?! Әйел затының даналығына, жоғары интеллектіне назар аударуды естен шығарғандаймыз. Мәселен, түрлі деңгейде «Қыз сыны», «Келіндер сайысы» сияқты сайыстар жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Байқап қарасақ, сынға түсетіндерге берілетін шарт өзгермейді. Тұрмысқа шықпаған қызға берілетін тапсырма үйден дайындаған тағам түрлері, шаш өрімдері, тіккен киімдері, тағысын тағы…

Ал, келіндер сыны да тура солай. Нан илеп, қамыр жайып, ұршық иіріп, кесте тігеді. Соған қарап қазылар бағасын беріп жатады. Аталған байқаулар да әйел адамын тек қана тұрмыстық шаруаның жанында қалдырып, қазан-ошақ тұсына байлап тастайтындай. Осы орайда «әйел жаны қоғам да бағаланбайма?», деген ой келеді. Бірақ біз әйелдер қоғамға тигізер пайдамыздың көп екенін өзіміз білеміз. Ал кейбірі үшін үйде жүріп, тамағын істейтін шашы ұзын, ақылы қысқа әлсіз әйелміз. Бұл дұрыс пікір емес. Қазіргі заман әйелден мүлде басқа нәрсені талап етеді. Әйел де өсуі керек, оның жан-жақты білім алуы керек деп ойлаймын. Себебі бала тәрбиесі тікелей анасымен байланысты. Саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін де әйел адам мейлінше сауатты, интеллектісі жоғары, мамандық иесі болуы керек. Әрине, үйдегі жасалатын міндеттер өз алдына жүріп отыруы да маңызды.

Дінімізде де Хадиша, Айша аналарымыздың үй шаруасына деген икемі немесе тағам дайындап отыра бергені туралы айтылмаған. Керісінше, даналығы мен білімі көп насихатталған еді. Әдебиетімізде де Ұлжан, Зере аналарымыздың ақылы, ой тұжырымдары қалай жеткізілген десеңізші. Айта кететін бір мәселе, үй ішіне үй тігіп, әйелді тек «баланы дүниеге әкелетінмашина» ретінде шаршамайтын, ауырмайтын темір ретінде көруді доғару керек секілді. Жаңадан отау құрған жастарға өз алдына енші беріп, бірге дамуына, өсуіне баталарын беріп, әрқашан қолдап, тілеулерін тілеп отыру керек деп ойлаймын. Енді бұл менің ойым…

С.ЕҢСЕНОВА, Қандыағаш қаласы

Ұқсас ақпараттар

30 градусқа дейін аяз. 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

admin_mugalzhar

Қазақстанда тұрғын үй бағасы 25 пайызға қымбаттады

admin_mugalzhar

Вакцинация паспорты «Ashyq» қосымшасымен біріктіріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.