«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ 1 МАМЫРДА АЯҚТАЛАДЫ

Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлерде жылу беру маусымы 20 сәуірде, ал мекемелерде 1 мамырда аяқталады. «Коммуналшы» мекемесі директорының орынбасары Салауат Жұмағалиевтің айтуынша, аталған мекеме Қандыағаш бойынша 79 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтыпотыр. Соныменбіргеәлеуметтікнысандарға да қызмет көрсетеді. Ал Ембі қаласында орналасқан «Ембі жылу» мекемесі қала бойынша жалпы саны 14 көпқабатты тұрғын үйге жылу таратады.

Жылу беру маусымы ауа-райының салқындығына байланысты ұзартылуда. Айталық, көпқабатты тұрғын үйлерге 20 сәуірге дейін берілсе, балабақша, мектеп, аурухана секілді әлеуметтік нысандарға жылу беру 1 мамырға дейін ұзартылды. Қалада 15 әлеуметтік нысанбар, — деді Ембі қаласы әкімнің орынбасары Иманбай Қосмұханбетов.

Ұқсас ақпараттар

РАМАЗАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

admin_mugalzhar

БАРДЫ БАҒАЛАЙЫҚ!

admin_mugalzhar

ЕМБІЛІК ӨНЕРПАЗДАРДЫҢ ӨНЕРІ

admin_mugalzhar