«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1,7 млн астам адам Ердоғанның Ыстанбұлдағы сайлауалды митингіне қатысты

ҚазАқпарат – Түркия президенті және Халық альянсынан президенттікке кандидат Режеп Тайип Ердоған жексенбі күні Ыстанбұлда сайлауалды митинг өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәлімет бойынша оған 1,7 миллионнан астам адам қатысты.

Түркияда өткізілген кейінгі сауалнамаларға сәйкес, Ердоған 14 мамырда өтетін президенттік сайлауда оппозиция көшбасшысы Кемаль Кылычдароглудан кейін тұр.

Сондай-ақ Р.Ердоған сенбі күні Кайсери тұрғындарының алдында сөз сөйледі. Анадолы агенттігінің жазуынша, ел басшысы Түркия соңғы 20 жылда республика аяққа тұра бастаған кейінгі 80 жылмен салыстырғанда анағұрлым жетістікке жеткенін атап өтті.

«Мұның бәрі – биліктің ғана емес, Түркияның бүтін 82 млн халқының жетістігі», — деді ол.

Ұқсас ақпараттар

Жаңа Конституция жобасын талқылау бойынша ҚХП депутаттық фракциясының отырысы

admin_mugalzhar

Ақтөбеде билік партиясы жанынан әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

admin_mugalzhar

Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті

admin_mugalzhar