«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КЕЗДЕСУ: БАСПАСӨЗГЕ ЖАЗЫЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Қандыағаш қалалық №4 орта мектебіне облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газетіне жазылу науқанына қатысты жиын өтті.
Аталмыш шараға «Ақтөбе Медиа» ЖШС-нің директоры Раукен Отыншин, «Ақтөбе газетінің бас редакторы Сәтжан Дәрібай, жауапты хатшысы Мұратбек Ержақып, «Актюбинский Вестник» газетінің бас редакторы Гүлсім Назарбаева және облыстық газет тілшілері арнайы келді.
Кездесу кезінде қос газеттің редакторлары сөз сөйлеп, мұғалжарлықтарды оның ішінде қандыағаштық мұғалімдерді басылымға жазылуға шақырды. Сондай-ақ білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп жүрген газеттің тұрақты оқырмандарына жылы лебіздерін білдіріп, Алғыс хат пен арнайы сый-сияпаттарын табыстады.
Жиын соңында №4 орта мектебінің директоры Гүлмира Мусина келген қонақтарға алғысын білдіріп, облыс деңгейіндегі баспасөз ұжымдарына толағай табыс тіледі.

Ұқсас ақпараттар

Британияда оқып, ауыл мектебінде білім беретін мұғалім

admin_mugalzhar

ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНА ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ТАРТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ДІНИ БУКВАЛИЗМНЕН САҚ БОЛАЙЫҚ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.