«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОРҚАШТЫҢ ОРМАНЫНДА «ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА» ЕНГЕН 32 ӨСІМДІК КЕЗДЕСЕДІ

Орқаш шатқалы (Уркаш, Уркач, Аркач) — Қазақстанның Ақ-төбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қаракөл ауылының маңында орналасқан шатқал. Бұл орын құмтас массивінің ауа-райының әсерінен пайда болған. Бұл жер жалпы көлемі 57469 гектар бөлігін ағаш көмкерілген жасыл алқапты алып жатса, 9987 гектарға жуық жері түйнек құмдар мен батпақты аймағын алып жатыр. Алқапта бұрын қайың мен қарағайлардың табиғи жолмен өскен түрлері азайып бара жат-қандықтан, тыңайтқыштар шашу арқылы қайтадан көбейту жұмыстары жүргізіліп келеді.

Бұл алқапта жоғары өсім-діктердің 300-ге жуық түрі өседі, олардың 32-сі аймақ үшін сирек кездесетін өсімдік-тер. 2015 жылы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бұл аймақта өсетін кейбір өсімдік түрлері мұз дәуірінен қалғаны туралы ғылыми дәлелденді. Алтай тауының бөктері мен Орқаш алқабында ғана өсетін өсімдік түрлері де осы өңірден табылған. Осыған орай 2012 жылы «ерекше қорғауды талап ететін аймақ» статусы берілді.

Орманда қабан, елік, қоян, түлкі, қасқыр тәрізді жануарлар мен жерге ұя салатын жыртқыш құстардың 9 түрі кездеседі: қара лашын, кәдімгі көксары, ақсары, дала бүркіті, батпақ құладыны, шалғындық құладыны, қарақұс және кәдімгі бөктергі. Тырна тұқымдастың 3 түрі (ақбас тырна, безгелдек және джек), дыбыстағыш құстың 4 түрі  (жылқышы, қызғыш, қарала шалшықшы және шәушүрілдек), бұлдырықтың екі түрі (қарабауыр бұлдырық, қолаңтөс), үкінің 2 түрі  (үй байғызы және үкі), қарға тұқымдастың екі түрі (көкқарға және сарыбоздақ), тентекқұстың бір түрі (кәдімгі тентекқұс), торғайлардың кем дегенде жиырма түрі бар.

Мұнда ірі-ірі Сабындыкөл, Ащыкөл, Шіліктікөл, Қамыстыкөл деген көлдер бар.  Бұл жерде кө-де, желкен шөптері кездеседі. Орқаш құмды шатқалында қайың мен көктерек егілген орманды алқап (орман саяжайы) бар. Бұл саяжайды алдағы уақытта абаттандыру, сан түрлі өсім-діктермен толтыру жоспары бар. Орман алқабы жақсы күйінде сақталған. Орманның негізін қайың, көктерек, қарағаш, терек, итмұрын құрап тұр. Орманның шөп жамылғысы әртүрлі шөптерге бай. Бұл жерде кәдімгі мыңжылдық, алтыжапырақты шегір-шін, сары маралоты, баршынгүл, тағы басқалар бар.

Облысымызда сирек кездесетін өкпешіл, усасыр және «Қызыл кітапқа» енгізілген, Қазақстанда өте сирек кездесетін, батпақты, дымқыл құмды жерде өсетін, шыбын-шіркей жейтін дөңгелек жапырақты шықшөп өседі.

Биыл облыс әкімінің қаулысымен 16 ақпанда «Орқаш орман және жануарлар дүниесін қор-ғау» мекемесін құру қаулысы бекітілді. Аталған қаулыға сәйкес қазіргі таңда 34 штаб жұмыс орны ашылып жатыр. Мамыр айынан бастап мекеме 70% жұмыс жасап тұр. Әлі де жұмыспен қамту үшін құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы саны 43 адамды жұмыспен қамту жоспарлан-ған. Мекеме жанынан типтік үлгідегі өрт сөндіру бекетін салу жоспарланып отыр.

Дайындаған

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

Қазақстанда қай көліктің жүруіне тыйым салынатыны белгілі болды

admin_mugalzhar

Зейнетақы, әлеуметтік төлем: Қазақстан қарияларына қандай жағдай жасаған

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.