«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТӨРТ РЕДАКТОРМЕН ҚЫЗМЕТТЕС БОЛДЫМ

ЕСЕПШІНІҢ ЖҰМЫСЫ МҰҚИЯТТЫЛЫҚ ПЕН ДӘЛДІКТІ ТАЛАП ЕТЕДІ. СЕБЕБІ ОЛАРДЫҢ ҚОЛЫНДА ЖӘЙ ҒАНА САНДАР ЕМЕС, ҮЛКЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ МАҢДАЙ ТЕР, ЕҢБЕК АҚЫСЫ ТҰРАДЫ. ОЛАР ӨЗДЕРІ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАТЫН МЕКЕМЕДЕГІ ЕСЕП, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ БАҚЫЛАП, МАҢЫЗДЫ НӘРСЕЛЕР ҮШІН ЖАУАП БЕРЕДІ. СОЛ СЕБЕПТІ ДЕ ҚАЙ ҰЖЫМДА БОЛМАСЫН ЕСЕПШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕРЕКШЕ. КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІ ҚАРСАҢЫНДА БҰРЫН ЖӘНЕ ҚАЗІР ОСЫ МАМАНДЫҚТЫ СЕРІК ЕТКЕН ЖАНДАРДЫ СӨЗГЕ ТАРТТЫҚ.

Гүлсім БАЛҒАБАЕВА, «Мұғалжар» газетінің ардагері, есепші:

Алғаш 1970 жылы жолдасым екеуміз Қандыағашқа жолдамамен келген едік. Оның медициналық оқуды бітірген кезі еді. Мен де жас маманмын. Еңбек жолымды банкте есепші болып бастадым. Арада 6 ай уақыт өткен соң редакцияға есепші болып орналастым. Ол уақытта редакторымыз — марқұм Нұрғали Тастанбаев. Өте салмақты, сөзі өткір адам еді. Одан үлгі алар жерім, үйренерім көп болды. Ағай зейнетке шыққан соң Жолдымұрат Сегізбаев деген азамат редактор болды. Жалпы газетте жұмыс жасаған тым бөлек, салмағы бар орта, әлемі мен әдебі ерекше еді. Содан да болар 36 жыл бойы бір жерде тұрақталып жұмыс жасаппын. Бір емес төрт редактормен әріптес болдым. Жолдымұрат ағай жұмыс ауыстыруына байланысты орнына Бақытжан Неталин ағайымыз келді. Бастан өткен талай қызықты сәттер, қарбалыс жұмыс, журналистердің ұйқысыз таң атыратындары әлі есімде. Өйткені редакция мен типография бір еді. Сол бір кездерде газетке сұраныс та жоғары болатын. Тіпті тұрғындардың өзі біріненбірі жарыса құттықтау беріп, газет бетіне шыққанын ерекше мақтаныш көретін. Құттықтау еке алу, сату жарнамалары жиіжиі келіп тұратын еді. Естелікпен бөлісе отырып, сол бір кездерге барып қайтқандай күй кешкендеймін. Ең ыстық, қызық уақыттар еді. Кейін редактор Бақытжан ағай зейнетке шыққан соң Қуаныш Кенжеғалиұлы редактор болды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жоспар орындап, жақсы көрсеткіш көрсететінбіз. Соның нәтижесі деп бізге қосымша сыйақы бөлініп, іште мәресәре болатынбыз.

Қызығы мен шыжығы көп күндерден бір естелік есіме оралып отыр. Басқа бөлімдер тәрізді бізді де қаржы бөлімі ақ бет қағаздармен қамтамасыз ететін. Қай жылы екені нақты есімде жоқ, қағаз таусылып, шығаратын бет таппай, біраз қиналдық. Сонда редакторымыз Бақытжан ағай Алматы қаласына арнайы барып, бір вагон қағаз алып келгені бар. Солай да еңбек еткенбіз… Қазір айтып отырғанымның бәрі ертегі тәрізді естілетін болар. Газет шығарудың өзі бөлек әңгіме. Оны басып шығаратын, бояу бүріккіштерге әріп салып, қате кетсе, басынан бастап қайта жасайды. Сондай сәттерде айқау-шу болмай, әдемі үндестікте жұмыс жасайтын. Қазіргінің адамдарында төзімділік жоқ, жеңілжұмысты, көпақшанықалайды. Еңбектеніп тапқан наныңның дәмді болатынын жіті түсінсе екен. Жалпы есепшілер — сандар тілін түсінуді, кез келген күрделі жағдаяттардан еркін шығуды меңгерген, қажетсіз қаржылық шығындардан құтқаруға қабілетті маман иелері. Олар қызметкерлердің жалақысының уақытылы түсуін қамтамасыз ету жолында есеп- қисаппен дос болып, әр санға тиянақты болуы қажет. Есепшілік — бірде жақсылық сөз әкелетін, бірде абыройға нұқсан келтіретін жұмыстың бірі ғой. Бабаларымыздың «біреудің ақысын жеме» деп айтып кеткені бізге үлкен тәлім болды. 40 жылға жуық осы салада еңбек етіп жүріп, абыройлы қызмет атқаруға тырыстым. «Мұғалжар» маған өте ыстық. Сол кезде бірге қызмет еткен, бүгінде зейнеткер әріптестеріммен қазірге дейін байланыстамыз. Whatsapp желісінде «Қандыағаш қыздары», «Мұғалжар ардагерлері» деген ортақ чатта үнемі байланыстамыз. Барлығымыз отбасыларымызбен араласып, қуаныш-қайғыда бір-біріміздің жанымыздан табылып жүреміз. Мен қызмет еткен “Мұғалжарымның» бүгінгі буыны да ардагер деп ардақтап, мерейтойларға шақырып, үнемі іздеп тұрады Мың алғыс саған, «Мұғалжар!»

Ұқсас ақпараттар

АУЫЛДАҒЫ ӘЖЕЛЕР АНСАМБЛІ

admin_mugalzhar

МЕКТЕП АСХАНАСЫ: ТАЗАЛЫҚ — БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar

Қазақстанда жаңа аудан құрылды: Тоқаев жарлыққа қол қойды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.