«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖОСПАР — 16 ЖАСҚА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Бүгінгі таңда жастарға арналған жеңілдетілген несие беріле бастады. Бұл туралы аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары хабарлады. Олардың айтуынша 2,5 пайыздық несиені аудан бойынша 16 жасқа беру жоспарланған.  
Жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын несиені 5 жыл мерзімге жастар ала алады. Олардың жасы 21-ден 35-ке дейін және жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы тиіс. Осы мақсаттарға 2023 жылға ел бойынша 29 млрд теңге қарастырылған. Осы қаражат есебінен 5,8 мың жас адамға жеңілдігі бар кредит беру жоспарланған. Несие мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жыл, басқа бағыттар үшін 5 жыл, көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін 3 жыл, айналым қаражатын толтыру үшін 2 жыл уақытқа дейін беріледі.
Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Кепілмен қамтамасыз ету – міндетті шарт. Ол ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады. Несие алу үшін жеке басын куәландыратын құжаты, жоба бойынша бизнес-жоспар, шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтама, кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама,  қатысушының өзге де табыстарын растайтын құжат, қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп, кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар қажет. Аудан бойынша осы жылы 16 жасқа жеңілдетілген несие беру жоспарланып отыр. Бүгінде 4 адам құжаттарын тапсырды, құжаттары қаралуда, — деді аудандық  жұмыспен қамту орталығының директоры Ғалым Дәрімбетов.
Несие алушы кепілдік ретінде жылжымайтын мүлік немесе арнайы техника қоюы шарт. Сонымен қатар негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі. Оның ұзақтығы микрокредит мерзімінің үштен бірінен аспауы керек екен.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Казахстан в рейтинге экономической свободы 2020 занял 39 место

admin_mugalzhar

Тоқаев реформалар жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы қашан өтетінін айтты

admin_mugalzhar

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.