«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН АСЛАНБЕК

ӘРБІР ЖУРНАЛИСТІҢ АҚПАРАТ АЛАТЫН «ӨЗ АДАМДАРЫ» БОЛАДЫ. ОЛ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ ДЕ ҚАТЫСТЫ. СҰРАҒАН МӘЛІМЕТ ПЕН РЕСМИ АҚПАРАТТЫ ТЕЗ ӘРІ ТОЛЫҚҚАНДЫ БЕРЕТІН БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АУДАНДЫҚ БАСЫЛЫМНЫҢ ТІЛШІЛЕРІМЕН ТЫҒЫЗ ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТА. ӘРИНЕ, СҰРАҒЫМЫЗҒА ЖАУАП БЕРМЕЙ, ТЕЛЕФОН СОҚСАҚ КӨТЕРМЕЙ, ІЗДЕП БАРСАҢ ҰСТАТПАЙ, ӘЛЕККЕ САЛАТЫНДАР ДА ЖОҚ ЕМЕС. СОЛ СЕБЕПТІ МЕРЕКЕЛЕРІ ҚАРСАҢЫНДА ГАЗЕТПЕН ТЫҒЫЗ ЖҰМЫСТЫҢ ТҮК ТЕ «ҚОРҚЫНЫШТЫ ЕМЕС» ЕКЕНІН, МӘЛІМЕТ БЕРУ ҮШІН УАҚЫТ СОЗУДЫ ҚАЖЕТ ДЕП ТАППАЙТЫН ӨЗ ІСІНІҢ МАМАНДАРЫН СӨЗГЕ ТАРТТЫҚ…

Ащысайлық Асланбек Самрат бала күннен мемлекеттік қызметші болуды армандаған. Бүгінде ол арманының алғашқы қадамын орындап, Ащысай ауылдық округі әкімдігінде жетекші маман қызметін атқарады.

Асланбек Ащысай ауылдық округіне қарасты Сабындыкөл ауылында дүниеге келген. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетіне «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2017 жылы жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 6 ай көлемінде көмекші болып бастаған.

2018 жылы қаңтардан тамыз айына дейін аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыс жасадым. Ал мемлекеттік қызметті 2018 жылы бастап, Ащысай ауылдық округі әкімдігінде жетекші маман қызметін атқардым. Бүгінгі таңда бас маман қызметін атқарып жүрмін. Күн өткен сайын мемлекеттік қызметшіге қойылар талап та, жүктелген жауапкершіліктің ауқымы да кеңейіп келеді. Сол себепті үнемі жан-жақты өзімді дамытуға, жетілдіруге жалықпаймын. Мемлекеттік қызметте аз ғана уақыт жұмыс жасасам да, біраз дүниені үйрендім, әлі де үйренерім көп. Мемлекетті өркендету, дамыту бағытындағы ең жауапты іс мемлекетік қызметшілерге жүктелетіні мәлім. Сол себепті адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпынамын, — деді ол.

Азаматтармен қарымқатынас жасау кезінде мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар жоғары екені анық. Олар — өз ойларын дұрыс және дәлелді түрде баяндауы, сөйлеп отырған адамның сөзін бұзбай, азаматтың сұрақтарын мұқият тыңдауы, әңгімелесушіге ізгі ниеттілік пен құрмет білдіруі, толық кеңес беру және болуы мүмкін тәуекелдер туралы азаматтарды хабарландыруы, жасы үлкен адамдарға, ардагерлерге, мүгедектерге ізгі ниетпен қарау, оларға қажетті көмекті көрсетуі, жалпы алғанда, мәдениеттілік пен кәсібилілікті талап ететін қызмет.

Шағым түскен жағдайда біз туындаған мәселені жылдам шешу үшін бірден шаралар қабылдаймыз және болашақта ұқсас жағдаяттардың алдын аламыз. Мұндай қарымқатынас бізге мемлекеттік қызметшілер-дің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы оң пікірді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрқайсымыз жұмыстан тыс уақытта өз іс-әрекетіміз бен мінез-құлқымызға жауапты екені-мізді естен шығармауымыз қажет. Сонымен бірге кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатынын терең түсінеміз. Жүректерге жол табу, кісінің көңілінен шығу — қазаққа тән қасиет. Халқымыз кең де көркем мінезімен көп нәрсені оңтайлы шешіп отырған. Сондықтан халыққа қызмет етудегі басты ұстаным – қарапайымдылық, әділдік пен адалдық болуы керек, — деп сөзін қорытындылады жас маман.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҰШҚЫШТАР

admin_mugalzhar

ӨНЕР КӨЗІ — ХАЛЫҚТА

admin_mugalzhar

ӘКІМ АРДАҚТЫ АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.