Амангелді Шунимов. Бұл есім барша мұғалжарлықтар үшін де, «Мұғалжар» газетінің тұрақты оқырмандары үшін де жақсы таныс. Себебі, ол саналы ғұмырын ауданның дамуы жолында сарп етіп, елеулі еңбек етті. Бүгінде құрметті зейнеткерлік демалысқа шығып, бейнетінің зейнетін көріп отырған ардақты ардагер. Зейнетке шықса да ауданның тыныс-тірші- — Мен «Мұғалжар» газетімен 18 жылдан бері біргемін. Апта сайын газеттің келуін күтіп жүремін. Келген газеттің әр бетін парақтап отырып, аудан тұрғындары үшін маңызды мәселелер мен қажетті тақырыптардың жарияланып тұратынына куә боламын. Аудандық газетте ауданның басты жаңалықтары, мәдени-әлеуметтік жағдайы мен рухани өмірі, елді мекендердің тұрмыс-тіршілігі, атқарылған жұмыстардың оң нәтижелері, өткеннің тарихын баяндайтын әңгімелер мен естеліктер үнемі жарияланып тұрады. Мемлекеттік атаулы мерекелерге орай арнайы бет арнап, жалпы аудан халқының көкейіндегі көнекөз тарихтарды сақтауға көп көмек ГАЗЕТТЕН АЛЫСТАМАҒАН АРДАГЕР лігінен қол үзбей, етене араласып, қоғаммен бірге біте қайнасып жүрген жан. Қазіргі таңда қолына қалам алып, тарих беттеріне үңіліп, аудан тарихын түгендеп, өткенін зерделеп, өзімен үзеңгілес қызметте болған жандардың өмір дерегін қағаз бетіне түсіріп, болашақ ұрпақтың еншісіне қалдырып жүрген жанашыр азамат. Ол күні бүгінге дейін «Мұғалжар» газетінен байланысын үзген емес.
Үнемі қағаз бетіне түсірген ой-толғаулары мен естеліктерін, деректі әңгімелерін редакцияға әкеліп береді. Амангелді Қалиұлының жазған дүниелері газеттің «Тұлға», «Бір суреттің сыры», «Тарих» атты айдарларында жиі жарияланып тұрады. Оның қаламынан шыққан Жұрын ауылының аталу тарихы, Жорон, Естемес, Есет, Бөгенбай батырлардың ерліктері, 300 жыл қалмақтардың шабуылына төтеп берген қазақ ауылының тұрмысы, қалмақ ханы Кононның өлімі мен Қонжар жерінің, Қалмаққырғанның қалай аталғаны жөнінде тарихи деректерге негізделген тәбәрік-тері оқырмандарға жақсы таныс. Сонымен бірге өзімен қызметтес болған, Мұғалжар ауданының дамуы жолына өлшеусіз үлес қосқан Сәлім Шынтасов, Нұрғожа Орынбасаров, Әден Абданбаев, Асанхан Қалиев, Қуаныш Кенжеғалиев, Серік Еңсепов секілді азаматтардың өмірбаяны мен елге жасаған қызметтері туралы көлемді мақалалары оқырмандардың қызығушылығын оятты. Амангелді Шунимов Мемлекет басшысының жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына жолдайтын Жолдауын жібермей тыңдайды. Жолдаудан кейін редакцияға телефон соғып, онда айтылған келелі мәселелер мен көтерілген бастамаларға, қабылданған бағдарламаларға азаматтық пікірін білдіреді.
Аудан тарихына қатысты қандайда бір мақала жазу барысында ағайға хабарласып, кеңес сұрап, анығын нақтылап алатын кездеріміз көп болады. Себебі Амангелді Қалиұлы ауданға қатысты кез келген ақпаратты біледі. Айталық, аудан тарихы, ауданда жүргізіл-ген құрылыс, тартылған инфрақұрылым желілерінің қай жылы, қай мезгілде жасалғаны туралы, аудан басқарған азаматтардың өмір тарихы жөнінде кеңінен мағлұмат бере алады. Сол себепті де өз арамызда ағайды «ауданның энциклопедиясы» деп атаймыз. Амангелді ағай редакцияға үнемі келіп тұрады. Келген сайын «қыздарым» деп еркелетіп, жылы сөзін аямай, арқамыздан қағып, ағалық ықыласын танытып, ақсақалдық батасын береді. Әр келгенінде жеміс-жидек пен тәтті бөліштер әкеліп, жұмыс үстелімізге төгіп тастап, бір қуантып тастайды. Амангелді Қалиұлы мемлекеттік салада 40 жылдан астам еңбек етіп, ауданның қалыптасуы мен дамуы жолында тер төкті. Соның бір дәлелі, кешегімемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесінде «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Айта кету керек, еңбек жолының басымы бөлігін идеология саласына арнады. Идеологияның басты құралы саналатын газеттің салмағын сезінген, әлі күнге дейін байланысын үзбеген ардагердің Журналистер күніне арналған мерекелік нөмірде «Мұғалжардың» кейіпкеріне айналуы да заңдылық. Алдағы уақытта Амангелді Шунимовтың қаламынан шыққан естеліктері мен әңгімелері әлі де газет оқырмандарына жол тартады деп сенеміз.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ